Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев: Мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз орта қалыптастыру керек

Тоқаев: Мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз орта қалыптастыру керек

16 қараша күні Алматы қаласының жұртшылығымен кездесуінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдікке қаладағы әлеуметтік нысандардың бәрін мүмкіндігі шектеулі жандардың қажеттілігіне қарай бейімдеуді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент "ерекше күтімді қажет ететін жандарға жан-жақты қолдау көрсету аса маңызды" екенін тілге тиек ете келе, оларға мейлінше ыңғайлы қоғамдық орта қалыптастыруымыз қажет екенін айтты.
"Қазақстанда ешкімнің құқығы шектелмеуі керек", – деді Президент.
Оның сөзінше, қазір Алматыда 55 мыңдай мүмкіндігі шектеулі адам тұрады. Оның 13 мыңы еркін жүріп-тұра алмайды.
Оларға кедергісіз орта қалыптастыру қажет. Бұл жұмыс мүмкіндігі шектеулі жандар ғана емес, қарт кісілер және балалар үшін де өте маңызды. Сондықтан, әкімдік қаладағы әлеуметтік нысандардың бәрін осындай жандардың қажеттілігіне бейімдеуі керек.
Қасым-Жомарт Тоқаев
Ойын түйіндей келе, Мемлекет басшысы халыққа қызмет көрсету орталықтарын, ауруханалар мен емханаларды, білім беру және спорт мекемелерін осы талапқа сай келтіруді тапсырды.
16 қараша 2022 ж. 462 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031