Сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыру туралы

Заңның 11-бабында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде, оның ішінде ғимараттардың (құрылыс жайлардың) сыртқы жақтарына орналастырылатын жарнама бейнелерін және (немесе) ақпаратын бейнелеу және салу арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға орналастыру туралы хабарлама жіберілген жағдайда жол беріледі.
Яғни, сыртқы жарнама орналастырылатын болжамды күнге дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын жарнама орналастырушы жергілікті құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне хабарлама беруі қажет.
Хабарламаға:
1) сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырылатын кезең мен орын туралы ақпарат бар мәліметтер нысаны;
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың бірінші айы үшін төлем ақының енгізілгенін растайтын құжат;
3) нобайларымен қоса жарнаманың қазақ және орыс тілдерінде еркін нысандағы сипаты қоса беріледі.
Ал,Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 603-бабының 2-тармағында тиісті хабарлама жіберілмеген жағдайда, сыртқы (көрнекі) жарнаманы нақты орналастыру төлем ақы сомасын өндіріп алу және бюджетке енгізу үшін негіз болып табылады делінген.
Хабарлама жіберілмеген жағдайда төлем ақы сомасы салық органдары арқылы өндіріп алынады.
Ж.ТАБЫНБАЙ,
Қазалы ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы