Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайдан алған қарыз қысқарды

Қытайдан алған қарыз қысқарды

 
  Сыртқы борыштың 63%-ын бұрынғысынша фирмааралық берешек, 26,1%-ы байланысты емес кредиторлар алдындағы басқа секторлардың сыртқы қарызы, 7,2%-ы мемлекеттік сыртқы борыш (Үкімет пен Ұлттық Банк), 3,7%-ы банк секторының сыртқы міндеттемелері (екінші деңгейдегі банктер және Қазақстанның даму данкі) құрап отыр.
  2018 жылғы екінші тоқсанда елдің сыртқы борышы 2,2 миллиард АҚШ долларына қысқарды. Бұл азаю төлем балансының операциялары есебінен болды, яғни Қытайдың ірі компанияларының еншілес кәсіпорындары және қаржылық ұйымдар синдикаттарынан тартылған сыртқы қарыз өтелді. Бұдан бөлек, елдің сыртқы борышы шетел инвесторларының Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталарына сұранысының азаюынан қысқарған.
  Сонымен қатар сыртқы берешек операциялық емес өзгерістер — қазақстандық эмитенттердің борыштық бағалы қағаздарының нарықтық құнының төмендеуі және теріс бағам айырмасы есебінен азайып отыр.
  Сыртқы борыш құрылымында мемлекеттің бақылауындағы ұйымдардың (мемлекеттік капиталға 50%-дан астам тікелей немесе жанама қатысатын банктер мен ұйымдар) сыртқы борышы жеке атап өтуге болады. Ол 2018 жылғы 1 шілдеде 26,5 млрд. АҚШ долларын құрады. 2018 жылғы екінші тоқсанда 0,6 млрд. АҚШ долларына азаю "Самұрық-Қазына" ұлттық қорының "КМГ Кашаган Б.В." қомпаниясында 50% қатысу үлесін сатып алу үшін 2015 жылы тартылған қарызын мерзімінен бұрын өтеуі, сондай-ақ квазимемлекеттік эмитенттердің еурооблигацияларының нарықтық құнының төмендеуі есебінен болды.

https://sputniknews.kz
02 қазан 2018 ж. 1 632 0

Жол сапасы бақылауда

07 қазан 2025 ж. 114

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031