Заң үстемдігі – тұрақтылық кепілі
Ата Заңды айналып өтудің ақыры соттың шешімі бойынша жауапқа тартылуға немесе екі жақты бітімгершілікке әкелуге апаратыны сөзсіз. Жуырда Қазалы аудандық сотында осындай орын алған істердің қорытынды брифингі өтті. Жиынға БАҚ өкілдері және жергілікті «Тұран Қазалы» газетінің бас редакторы, «Ақпарат саласының үздігі» Ғазиз Әліш те қатысты. Онда аудандық сот төрағасы Дәурен Әбдіқалықов аудан ахуалын сөз етіп, биылғы жылдың 9 айлық есебін баяндап берді.
Өкінішке орай, биыл ауданда заңды айналып өтушілер саны артып тұр. Биылғы жылдың II тоқсанының өзінде жергілікті сот назарына жетпіс бес азаматқа қатысты – 63 іс келіп түскен. Оның ішінде өткен жылдан екі адамға қатысты – екі қылмыстық іс қалдырылып және екеуі біріктірілген.
Үстіміздегі жылда алпыс сегіз адамға қатысты – ел алты іс қаралып, аяқталған. Оның жиырма тоғызы бойынша – 35 адамға айыптау үкімі, екеуі бойынша – екі адамға ақтау үкімі қабылданған және он жеті іс бойынша – он тоғыз адам қылмыстық жауаптылықтан босатылып, іс өндірістен тоқтатылған.
Ал бір адамға қатысты бір іс айыптыға іздеу жариялануына байланысты прокурорға кері жіберілген, он адамға қатысты – алты іс соттылығы бойынша жолданған және бір сотталушыға мәжбүрлеп емдеу шарасы қолданылған. Келесі тоқсанға жеті адамға қатысты – жетеуі қалдыққа қалдырылып, екі қылмыстық істің – екеуіне жеке қаулы қабылданған.
Бір қуантарлығы, биылғы жылы сыбайлас жемқорлық санатында қылмыстық істер орын алмаған. Бірақ өткен жылы бір адамға қатысты – бір қылмыстық іс қаралған.
Соңғы жылдары елдің шет шетінде белең алған есірткі айналымы бойынша да бірнеше іс орын алған. Дәлірек айтсақ, өткен жылы есірткіге қатысты жетеуі бойынша – жеті сотталушыға айыптау үкімі қабылданған.
Аудандық сот төрағасының айтуынша, биыл істердің артуына жекеше айыптау шағымдардың көптеп түсуі себеп болып отыр екен. Мәселен, 2021 жылы жеке айыптау шағымы екеу болса, үстіміздегі жылда бірнеше есе көбейген. Яғни, 15 шағым түскен.
Ал азаматтық іс бойынша ахуал тіптен нашар десек қателеспейміз. Себебі, есепті мерзімде өткен жылдан елу сегіз азаматтық іс, үш талап арыз қалдырылып, биылғы жылдың II тоқсанында 750 арыз, он үш азаматтық іс түскен. Оның 113-і кері қайтарылып, төрт жүз елу екі талап арыз бойынша азаматтық іс қозғалған.
Жиында басқа да қосымша ақпараттармен аудандық сот төрағасы бөлісе кетті.
– Барлығы 536 азаматтық іс аяқталған, оның ішінде екі жүз отыз алты іс бойынша шешім қабылданып, бір жүз жиырма сегізі бойынша сот бұйрығы шығарылып, елу үші бойынша талаптар қараусыз қалдырылды. Оның 109-ы тоқтатылса, оны соттылығы бойынша басқа сотқа жолданып, келесі тоқсанға 115 іс, елу төрт арыз қалдық қалған.
Өткен жылдың 9 айында жеті жүз он бес арыз, он төрт азаматтық іс түсіп, оның ішінде 204 арыз кері қайтарылған. Сол секілді 386 талап арыз бойынша азаматтық іс қозғалған. Барлығы бес жүз он жеті азаматтық іс аяқталып, 220-сі бойынша шешім қабылданған.
Басқа да, 113 іс бойынша сот бұйрығы шығарылып, сексен жетісінің талаптары қараусыз қалдырылған. Оның сексен төрті тоқтатылып, он үші соттылығы бойынша басқа сотқа жолданылған және келесі тоқсанға елу іс, он төрт арыз қалдық қалған.
Биылғы жылды өткен жылмен салыстырғанда аяқталған істердің саны 19-ға, шешім шығару арқылы аяқталған істер 16-ға, бұйрық шығару бойынша 15-ке көбейген.
Аудандық сотта бітістіруші судьялар татуластыру рәсімдерін жүргізуде. Биылғы жылы медиация арқылы тоқтатылған тоқсан бесінің – тоқсан екісі бітістіруші судьяның еншісінде, – дейді аудандық сот төрағасы Дәурен Әбдіқалықов.
Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша бірінші тоқсанынан бастап барлығы 593 іс түсіп, оның ішінде – үшеуі ведомостволық бағыныстылығы бойынша жолданған, 579 адамға қатысты – 579-ы қаралып аяқталған. Осы істер бойынша 467 адамға әкімшілік жаза қолдану жөнінде қаулы қабылданған. Оның ішінде отыз төрт адамға ескерту беріліп, 306 адамға айыппұл салынса, 119 адам әкімшілік қамаққа алынды. Сегіз адам көлік құралын жүргізу құқығынан айырылып, 104 іс бойынша – 104 адам әкімшілік жауаптылықтан босатылған. Сегіз адамға тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдана отырып, 69-баптың талабына сай тәрбиелік ықпал ету шарасы оның іс-әрекетімен келтірілген зиянды және осы Кодексте көзделген құқық бұзушылықтарды қайталап жасаудың заңдық салдары түсіндіру жазасы қолданылған.
– Биылғы жылдың екінші тоқсанында істердің артуына ҚР ӘҚБтК-нің 73, 73-1, 73-2-баптарымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған әкімшілік құқық бұзушылық істердің өткен жылдан көбеюі себеп болған. Бұл баптармен биыл 140, ал өткен жылы жетпіс бір іс келіп түскен. Осы санаттағы істерді сотта қарау барысында тараптар бір-бірімен ымыраға келіп, татуласуларына байланысты 56 проценті тоқтатылған, – дейді Д.Нармағанбетұлы.
Серік АҚМЫРЗА