Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сот билігі не атқарды?

Сот билігі не атқарды?

Елдің сот билігі біртұтас мемлекеттік басқарудың дербес тармағы болып табылады. Азаматтардың, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, ҚР Конституциясы мен заңдарының, өзге де нормативтік-құқықтык актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат тұтады. Осыған орай өткен сейсенбіде ауданда 2021 жылдың 9 айында қандай құқықбұзушылық тіркелгендігін баспасөз мәслихатында сот төрағасының міндетін атқарушы Дәурен Әбдіқалықов баяндап берді. Қазіргі пандемияға қатысты онлайн форматта өткен жиында ол қылмыстық, сыбайлас жемқорлық, есірткі айналымы, заң шеңберін қадағаламаған әйелдерге қатысты, сондай-ақ азаматтық және әкімшілік істер бойынша атқарылған жұмыс жайына тоқталды.
Оның айтуынша, қылмыстық іс барысында аудандық соттың өндірісіне 9 айда барлығы 35 адамға қатысты 33 іс келіп түскен. Осы мерзімде 39 адамға қатысты 35 іс қаралып аяқталған. Оның ішінде 3 жеке қаулы қабылданған. Сондай-ақ 26 дерекпен 27 тәртіп бұзғандарға айыптау үкімі, 3 құжатқа сай 5 адамға ақтау үкімі, 5 іс бойынша 6 айыпталушы қылмыстық жауаптылықтан босатылған. Сыбайлас жемқорлық санатында бір қылмыстық іс қаралған.
Ал халықты орға жығатын нашақорлықпен тиісті органдар жан-жақты күрескенмен, тосқауыл қоя алмауда. Енді осы есті кетірген есірткі айналымы бойынша 5 сотталушыға айыптау үкімі қабылданды.
Тағы бір қынжылтатыны, отбасы берекесін қадағалайтын нәзікжандылардың кейбірі заң қағидаларына мойынсұнбай тұр. Соның салдарынан 4 әйелдің 4 құқықбұзушылығына орай айыптау үкімі шығарылды.
Келелі басқосуда есепті мерзімде биылғы 9 айда 716 арыз, 14 азаматтық іс түсіп, оның 204 арызы кері қайтарылғандығы айтылды. Сонымен қатар 386 талап-арыз бойынша азаматтық іс қозғалған. Барлығы 517 азаматтық іс аяқталған, оның ішінде 220 айғақ бойынша шешім қабылданды. Сот бұйрығы 113 дерекке орай шығарылып, 87 іс бойынша талаптар қараусыз қалдырылған. Сонымен қатар, 84 құжат тоқтатылса, 13-і соттылығы бойынша басқа сотқа жолданды.
– Аудандық сотта бітістіруші судьялар татуластыру рәсімдерін жүргізуде. Биыл медиация арқылы тоқтатылған 84 істің 62-сі бітістіруші судьяның еншісінде. Ал әкімшілік іс барысында жыл басынан 445 дерек тіркелді. Оның 38-і ведомостволық бағыныштылығымен жолданған 390 құқықбұзушыға қатысты іс қаралып аяқталған. Осыған орай 344 адамға әкімшілік жаза қолдану жөнінде қаулы қабылданды. Ескерту 13 тәртіп бұзғанға беріліп, 222-сіне айыппұл салынды. Әкімшілік қамаққа 104-і алынып, 5-еуі көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды. Әкімшілік жауаптылықтан 46 дерекке байланысты 46 адам босатылып, іс өндірістен тоқтатылған, – дейді Дәурен Әбдіқалықов.
Сот өкілінің сөзіне илансақ, мерзімі бұзылып қаралған, тоқтамға алынған әкімшілік құқық бұзушылық істер жоқ. Қазалы аудандық сотының сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмысының жайы осындай.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
19 қазан 2021 ж. 1 011 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031