Облыс активімен кездесу өтті
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді. Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов облыс активімен кездесті.
Сонымен қатар, облыс әкімі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссия отырысына қатысты. Комиссия отырысына облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев төрағалық етті.
Сонымен қатар, облыс әкімі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссия отырысына қатысты. Комиссия отырысына облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев төрағалық етті.
Отырысқа аудан әкімдері, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, депутаттар, қоғам өкілдері қатысты.
Отырыс барысында Превенция қызметінің басшысы С.Ахметжанов сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезіндегі формальды көзқарас және мемлекеттік сатып алу рәсімдеріндегі олқылықтар үшін жергілікті атқарушы органдардың қызметін сынға алды.
Сапасыз жасалған талдау нәтижесінде тиісінше формальды ұсынымдардың болатыны анық. Сол себепті, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына әкелетін нормаларды саралап, оларды жою бойынша ұсыныс беру қажет.
Агенттіктің превенция қызметінің басшысы азаматтардың
әл-ауқаты мен тұрмыстық деңгейін жақсарту бойынша шаралар қабылдау Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірінші кезектегі міндеті болып табылатынын жеткізді.
Бұл бағытта Агенттік бастамасымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы әзірленіп, әр өңірдің ерекшелігіне сәйкес негізгі проблемалар айқындалды.
С.Ахметжанов сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасынде белгіленген мәселелерді шешу Агенттіктің негізгі басымдықтарының бірі болып табылатынын және жергілікті әкімдіктермен бірге жұмыс жасау арқылы тиісті нәтижеге қол жеткізу қажеттігін атты.
Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімі Н.Нәлібаев айтылған ұсынымдарды ескеріп, өңірде белгіленген әлеуметтік маңызды проблемаларын шешуде жан-жақты қолдау көрсететін және бұл бағытта жұмыстарды арттыруды тапсырды.