Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Абырой – адал еңбекте

Абырой – адал еңбекте

Өткен сәрсенбіде таңертеңмен Қожабақы мен Бозкөл ауылын жалғап жатқан аралықтағы «Агро-Өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің егіс алқабына жолға шықтық. Әне-міне дегенше діттеген жерге де жеттік. Күнге шағылысып, сары алтындай жалт-жұлт еткен салыны бойлай барып, қырмандағы қызу тірліктің куәсі болдық. Көз ұшында төрт комбайн ерсілі-қарсылы жүріп, жатка жығып кеткен өнімдерді жинап жатыр. Комбайн құйған дәндерді қоймаға жеткізуге егістік жиегіндегі тіркемесі бар камаздар сақадай сай тұр.
«Агро-Өркен» жауапкершілігі шек­теулі серіктесігі бүгінге дейін 1800 гектар тегістелген жерге 5 ауыспалы егістік ротациялық кестеге сай егіс орналастырған. Ал биылғы жылы 1600 гектардан жоғары жерге ауыл шаруашылығы да­қыл­дарын екті.
Оның 508 гектары көне жоңышқа. Осы жылы 1 репродукциялы «Семиреченская местная» жоңышқа тұқымы алынып, 316 гектар жерге жаңа жоңышқа егілді. Ресейден «элита алабұға» сортты ақ бидай тұқымы алынып, 130 гектар жерге бидай себілді. «Абзал и Компания»-мен келісім шартқа отырып, 1 репродукциялы 162 тонна «Янтарь» сортты тұқымы, 18 тонна 1 репродукциялы «Лидер» сортты тұқым алынып, 600 гектар жерге күріш дақылын екті. Оның 70 гектары «Лидер» сорты болса, 530 гектары «Янтарь» күріші.
Егінге қажетті 192 тонна «Карбамид Б және 134 тонна «Аммофос» тыңайтқышы алынған. Бұдан бөлек «EXPLANTA» компаниясымен келісім шартқа отырып, «Солито, каратэ, тарнадо, лятрин атты гербицидтер және пестицидтер пайдаланылған болатын. Бүгінде алажаздайғы еселі еңбек өз жемісін беруде. Қазір қырман басында қызу тірлік.
Шаруашылыққа тиесілі 6 МТЗ-80, 3 ХТЗ, 3 К700А(701), 1 МТЗ-80 малютка экскаваторы, 3 автомашина, 3 Камаз, 2 Трактор AXION ауылшаруашылық техникалары жұмыс жасауда. Күріш жинайтын 1 Магдон, 3 ЖРК-5 жатка, 4 Енисей-1200, 2 Класс комбайн бар. Шаруашылық 50 адамды жұмыспен қамтып отыр. Егіс жинау кезінде жұмысшы саны 70-ке жетеді.
Егіс бригадирі Кеңес Шайық жұмыстың жүру барысын қадағалап, кейінгі толқынға ақыл-кеңесін айтуда. Бірнеше жылдан бері шаруашылықта табанды еңбек етіп келе жатқан азаматтың егін жайынан хабары мол. Арнайы техникаларды жанар-жағар маймен қамтамасыз ететін бақылаушы Амантай Алдапбергенов те осы маңнан бой көрсетті.
– Әр жұмыста жауапкершілік аса маңызды. Ал біздің істе тиянақтылықты бірнеше есе арттыруға тура келеді. Егінді шашау шығармай дер кезінде жинап алу басты мақсат. Осы орайда уақытпен санаспай, бел жазбай еңбек етіп жүрген жандар нағыз еңбеккерлер. Жылдағы дәстүр бойынша биылда іске кірістік, – дейді серіктестік басшысы Медеу Есқожаев.
Таңертеңгі жетіден кешкілік күн батқанша тыным таппайтын еңбеккерлердің ісіне деген адалдығы мен жұмысқа жауапкершілігі қимыл-қозғалыстарынан көрініп-ақ тұр. Комбайнды тізгіндеген Жеңіс Қошқарбаев, Жадырасын Ізтілеуов, Нұрбек Бесбаев және Арыстанбек Келмағанбетовтер аялдап, әңгіме айтып тұруға құлықсыз. Олар жаткашы Аралбек Умадатов шауып берген өнімді жинап, толтырып, Камазға қарай жүйткейді. Камаз жүргізушілері тіркемелі жүк көлігін Қазалы қаласында оналасқан «Мерей» күріш ақтау цехына жеткізеді. Цех алдындағы қоймада өнім арнайы техника арқылы електен өткізіліп, күріш қаптарда қапталады.
Еңбек ептілікті сүйеді. Бұны агроөркендік жұмыскерлер әлдеқашан ұққан. Күн ұясынан шыққаннан шаруаға кірісетін жандар түскі асқа қырман басына жиналып, егістік жайын егжей-тегжей сөз етеді. Тәжірибелі мамандар кейінгі толқынға көрген-білгенін айтып, байыптылыққа баулиды. Бұндағы барлығында бір тілек. Ол – қамбаны қызылға толтырып, мол өніммен мерей биігінен көріну.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
20 қыркүйек 2022 ж. 359 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 57

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930