Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бағдат Мусин мен Юрий Борисов Байқоңыр ғарыш кешенін дамыту мәселесін талқылады

Бағдат Мусин мен Юрий Борисов Байқоңыр ғарыш кешенін дамыту мәселесін талқылады

2022 жылғы 9 тамызда ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мен «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Юрий Борисов Байқоңыр ғарыш айлағында кездесті, деп хабарлайды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.
ҚР ЦДИАӨМ басшысы Роскосмостың жаңа басшысын осы қызметке тағайындалуымен және бортында 17 ғарыш құрылғысы бар «Союз-2.1б» зымыранының сәтті ұшырылуымен құттықтады.
Кездесу барысында тараптар «Бәйтерек» жобасын жүзеге асыру мәселесін талқылап, алғашқы ұшырылым сынағының мерзімін 2024 жылға жылжыту қажеттігін атап өтті.
Тараптар Союз-5 зымыран-тасығышы мен жерүсті кешенін жасау жұмыстарының кестесін өзара сәйкестендірді.
Ғарыш саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында нормативтік-құқықтық базаларды дамыту мәселесі қарастырылды.
Сондай-ақ Бағдат Мусин Роскосмос басшысымен Байқоңыр ғарыш айлағында туризмді дамыту туралы сөйлесіп, туристерді кешенге өткізу тәртібін онлайн жүйе арқылы жеңілдетуді ұсынды.
«Цифрлық форматта онлайн кіру жүйесін қолдану арқылы «Байқоңыр» кешеніндегі туризмді дамытуға болады», - деді Бағдат Мусин.
Кездесуге ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілі Қайрат Нұртай да қатысты.
10 тамыз 2022 ж. 625 0

Назым Қызайбай - финалда

13 қыркүйек 2025 ж. 120

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 116

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 108

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 111

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930