Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «ҚазМұнайГаз» қазақстандықтарға интернет алаяқтардан сақ болуды ескертеді

«ҚазМұнайГаз» қазақстандықтарға интернет алаяқтардан сақ болуды ескертеді

Цифрлы технологияларды меңгерген алаяқтар ұлттық компаниялардың атын жа­мылып, халықты инвестиция салып, оңай жолмен ақша табуға ша­қы­рып жүр.
«ҚазМұнайГаз» компаниясы қазақ­стан­дықтарды интернет алаяқ­­тар­дан сақ болуға және ресми ақ­паратқа сенуге шақырады.
Интернетте, атап айтқанда, Google, Yandex іздеу жүйелерінде, YouTube және өзге де әлеуметтік желі­лерде «ҚазМұнайГазға» инвес­тиция салып, жоғары табысқа кенел» деген желеумен жарнамалар жаппай таратыла бастаған, ол сілтемелер алаяқтар құрған арнайы сайттарға бағыт­тай­­ды. Халықты құрығына түсіру үшін алаяқтар жасақтаған сайтын «Қаз­МұнайГаздың» ресми сайты» сондай-ақ «қаржылық» немесе «инвес­ти­циялық» компаниялардың веб-ресурс­та­ры ретінде көрсетеді. Бұл жал­ған қаржылық компания­лар белгілі бір сомаға «ҚазМұнайГаздың» акцияларын са­тып алуды ұсынып (мәселен, 127 мың теңге), бір-екі айда «ай сайын 8500 долларға дейін инвестициялық табыс алып тұр» деген желеумен қызықтыруға тырысады.
Ал бұл әрекеттері нанымды болуы үшін олар «ҚазМұнайГаздың» осыған дейін жарияланған ресми бей­не­роликтерін қайта дыбыстап қолданады. Нәтижесінде, алаяқ­тардың сайтына өткендер ком­пания атауы бірнеше рет қай­таланатын, кәсіби дыбысталған жалған бейнеролик тамашалайды.
Алаяқтық сайттардың алгоритм­дері ұқсас. Әдетте олардың дерек­қоры жоқ және тұрақты HTML сайттар болып келеді. Бұл оларды USB дискіне көші­ріп, бір доменнен екіншісіне оңай тасымалдауға мүмкіндік береді. Деген­мен мақ­сатты аудиторияның сұранысына байланысты мәтінді жылдам ауыс­­­ты­ра алатын, дерекқорды кең, заманауи бағдарламалық құралдарды қолданатын динамикалық сайттар да кездеседі.
Бұл жалған сайттардың атауы .com секілді халықаралық ай­­мақ­­тарда тір­ке­леді. Мысалға kazmynai-gaz.com, kz-finvesting.com және butterflyexpect.com сайттарын келтіруге болады. Одан бөлек алаяқ­тар сайттарын тақырыптық домендерде де тіркеуі мүмкін: tiddley.work, kz.dahod.shop, investor-test.top, trainman.store, delaying.store/kz.
Сайттардан бөлек, алаяқтар қол­дан­ған 6 мобильді қосымша анық­тал­ған. Олар да ұлттық компания атын жамылып, «KazMunay Invest», «Каз­Му­найГаз», «KazMunay Club Invest», «КазИнвест» секілді түрлі атау­мен жұ­мыс істеген.
Қазақстанның құқық қорғау және басқа да құзыретті органдары осы секілді алаяқтық жолмен ашылған ресурстарды анықтап, олардың жолын кесу бойынша жұмыс атқарып жатқанын айтады. Дегенмен интернеттегі алаяқтардың ізіне түсіп, кінәліні анықтау қиын. Ол сайттар көп жағдайда шетелдік мекен­жай­ларға тіркелген болып шыға­ды. Сондықтан құқық қорғау органдары, қаржылық ұйымдар, ұлттық компаниялар азаматтарға алаяқ­тардан сақ болуды ескертеді.
«ҚазМұнайГаз» бұл мәселе бо­йынша Қаржы мониторингі агенттігіне (АФМ) және Ұлттық банкке өті­ніш жолдады. Өтініш Ішкі істер министрлігіне берілді. Нәтижесінде, Нұр-Сұлтан қаласы полиция депар­таментінің Есіл аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. «ҚазМұнайГаз» осы қылмыстық іс бойынша жәбірленуші ретінде барлық деректерді ұсынды. Қазіргі уақытта аталған құқық бұзушылыққа қатысты күдіктілерді анықтауға ба­ғыт­талған тергеу әрекеттері мен же­дел-іздестіру шаралары жүріп жа­тыр.
Компанияның қызметі тура­лы сенімді ақпарат тек www.kmg.kz сайтын­да және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда жарияланады: YouTube: KazMunaiGas, Facebook: kazmunaygaspress, Instagram: kazmunaygaspress, Telegram: kmgpress.
25 тамыз 2022 ж. 249 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031