Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда бір жылда қант 87%-ке қымбаттады – статистика

Қазақстанда бір жылда қант 87%-ке қымбаттады – статистика

Қазақстанда бір жыл ішінде қант шамамен 87 пайызға қымбаттады. Ал өндіріс 9%-ке өскен, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі Energyprom.kz. порталына сілтеме жасап.
Биыл шілде айында елімізде қанттың бір келісі орта есеппен 537 теңгені құрады Бұл өткен жылмен салыстырғанда 86,6%-ке көп.
Қымбатшылық Жамбыл облысында қатты сезілді: бір жыл бұрынғыға қарағанда бірден 2,2 есе артық. Антилидер үштігіне Алматы мен Қарағанды облысы кірді.
Бағаның ең төмен өсімі елордада тіркелген: плюс 58,3%.
Ірі қалалар арасында ең қымбат қант Алматыда (бір келісі 581 теңге), Қонаевта (555 теңге) және Атырауда (554 теңге) сатылды. Ең төмен баға Ақтөбеде (449 теңге) тіркелді.
Қаңтар-шілде айларында республикада 149,1 мың тонна қант өндірілді – бұл өткен жылмен салыстырғанда 9%-ке көп.
Импорт үлесі тиісінше 52%-тен 42,9%-ке дейін төмендеді. Елге 63,5 мың тонна қант жеткізілді, бір жылда минус 38,9%.
2022 жылғы қаңтар-шілде аралығында Қазақстанға 126,4 млн долларға 210,6 мың тонна құрақ және қызылша қанты, сондай-ақ қатты күйдегі химиялық таза сахароза жеткізілді. Заттай мәнде көлем 11,3%-ке қысқарса, ал ақшалай мәнде, керісінше, 15,3%-ке өскен.
Қазақстан ТМД елдерінен 65,3 мың тонна қант пен сахароза тасымалдады – бір жыл бұрынғыға қарағанда 45,7%-ке аз. Импорттың негізгі көлемі Ресейден әкелінді – 62,4 мың тонна, бір жылда 42,5%-ке азайып кеткен.
Ал ТМД құрамына кірмейтін елдерден республикаға 145,3 мың тонна қант жеткізілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 23,9%-ке артық. Қанттың негізгі көлемі Бразилиядан тасымалданды: 107,7 мың тонна, жылдық өсім – 24,1%.
19 тамыз 2022 ж. 268 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 52

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930