Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жылқы еті бір жылда 16,5% қымбаттады

Қазақстанда жылқы еті бір жылда 16,5% қымбаттады

Биыл қаңтар-маусым айларында республика бойынша 125 мың тонна жылқы сойылды немесе союға сатылды. Бұл былтырмен салыстырғанда 6,2% артық. Сойылғанда 64,6 мың тонна жылқы еті алынып, жылына плюс 6,1% болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жылқының көбі Түркістан облысында сойылды: тірі салмақта 14,5 мың тонна, сойылғанда 7,5 мың тонна. Үздік үштікке Абай (тиісінше 13,5 мың және 7,1 мың тонна) және Ақтөбе (тиісінше 10,6 мың және 5,5 мың тонна) облыстары кірді, – деп жазды Energyprom.kz.
Биыл 1 шілдедегі жағдай бойынша елімізде 4,1 миллион жылқы болды. Бұл бір жыл бұрынғыдан 10,6% артық. Облыстық тұрғыда жылқы саны бойынша Түркістан, Қарағанды, Абай облыстары көш бастап тұрды.

Жылқы шығыны биыл 5,2% өсіп, 2,7 мың басқа жетті. Көбіне өлім жағдайлары Ақмола, Қостанай және Маңғыстау облыстарында тіркелді.

Шілде айында еліміздің базарлары мен дүкендерінде жылқы етінің келісі 2,9 мың теңге болды. Бұл бір жыл бұрынғыдан бірден 16,5% қымбат. Бағаның ең күшті өсуін Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары сезінді: жылына 28,8%. Қымбатшылық бойынша үздік үштікке Ақтөбе облысы мен Шымкент қаласы да кірді. Бағаның ең аз жылдық өсімі Қызылорда облысында тіркелді: 4,5%.

Еліміздің ірі қалаларының ішінде бір келі жылқы етін ең жоғары бағада Нұр-Сұлтаннан (3,3 мың теңге), ең төмен бағада Қызылордадан (2,3 мың теңге) алуға болды.
11 тамыз 2022 ж. 502 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 29

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930