Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғын үй құрылысына серпін береді

Тұрғын үй құрылысына серпін береді

Елбасының 5 әлеуметтік бастамасының ішінде әсіресе «7 – 20 – 25» бағдарламасының маңыздылығын айтып жатудың өзі артық. Баспана адамның тұрмыс-тіршілігіндегі ең басты қажеттілік деп санайтын болсақ, Президент ұсынып отырған жаңа бағдарлама тұрғындардың баспанаға қолжетімділігін бұрынғыдан да жеңілдете түседі.
Соңғы жылдары еліміз тұрғызылған баспана бойынша рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізілуде. Солай бола тұрса да баспанаға мұқтаж жандар әлі де жеткілікті. Енді «7 – 20 – 25» бағдарламасы бойынша ипотекалық несиенің жылдық өсім мөлшері 7 пайыздан аспайды. Ал алғашқы жарна бұрынғыдан әлдеқайда жеңіл – 20 пайыз ғана. Сонымен бірге оның мерзімі 25 жылға ұзаруы себепті ауыртпалығы да байқалмайтын болады. Сөз жоқ, бұл бағдарлама өз кезегінде тұрғын үй құрылысының жаңа серпінмен алға басуына тікелей әсер ететін болады.
Осы ретте біздің облыста өңір тұрғындарының әлеуметтік осал тобын мейлінше қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуді мақсат етіп, 3 жылға есептелген «Орда» тұрғын үй құрылысының жол картасын әзірлегенін атап өткен жөн. Несиелік тұрғын үйдің көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі аз қамтылған топтардың барлығына бірдей қолжетімді еместігін ескеріп, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан несиелік тұрғын үйлерді жергілікті бюджет есебінен сатып алуға жыл сайын облыстық бюджеттен 2 млрд теңгеден қаржы бөлу туралы шешім қабылданды.
Сыр өңірінде баспана құрылысы жыл өткен сайын өрістей түсуде. 2017 жылы 1983 пәтерге арналған 47 көп пәтерлі тұрғын үй құрылысы жүрсе, соның ішінде мемлекет қаржысы есебінен 1600 пәтерлі 36 үй пайдалануға берілді.
Арнұр НҰРМАҒАНБЕТОВ,
Қызылорда облыстық құрылыс,
сәулет және қала құрылысы басқармасы
басшысының орынбасары
03 сәуір 2018 ж. 2 913 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 137

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 142

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 147

Рухани шамшырақ иесі

21 қазан 2025 ж. 129

Мал баққанға бітеді

21 қазан 2025 ж. 127

Ұйқыдағы үрей

21 қазан 2025 ж. 143

Алма ауызға түспейді

21 қазан 2025 ж. 138

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031