Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Жастар керуенінің» жақсылығы мол

«Жастар керуенінің» жақсылығы мол

Биыл Қазалы ауданының әкімдігінің ұйытқы болуымен «Жастар керуені» атты жобамен, ауданға қарасты 19 елді мекенді шарлауды көздеген еді. Жиналған жастардың мақсаты – ауыл жастарының бос уақытын тиімді пайдаланып, сондағы өнерпаздарды қанаттандырып, ауыл халқының көкейіндегі сауалды тыңдау болды. Бүгін біз сапарлап өткен ауылдардың белсенділеріне ««Жастар керуені» жас буынға не берді?» деген сауал жолдаған едік.


Ерасыл Дәстенов, Ғ.Мұратбаев ауылдық округі әкімі аппаратының әдіскері: 
Ауқымды жоба біздің ауылға оң әсерін, жас­тарды қанаттандырып, жаңашыл ой мен басқа да қырларынан көзін ашты десем болады.
Осы уақытқа дейін де мұратбайлықтар, оның ішінде ауылдық клуб өнерпаздары түрлі кеш пен қайырымдылық шараларын ұйымдастырып жүр. Алайда «Жастар керуені» жобасы мұндағыларға ерекше серпін берді. Себебі керуендіктердің сапарынан соң, ауылда акустикалық кеш, кино, би кеші, жастармен еркін кездесу «Кофе брейк» сынды шаралар атқарылуда. Бұны алдағы уақытта үрдіске айналдырсақ деп отырмыз. Сол кезде ауыл жастарын жаман әдет, масылдықтан айырып, ынта-жігерін оятамыз.
Болашақтың іргетасын қалау мақсатында осындай игі шаралар атқарылуда. Ендігі кезек, жастардың өздеріне артылған жауапкершілікке тиянақты болып, берілген мүмкіндікті пайдаланып, әрбір азаматтың көшбасшы болуға атсалысуында. Бәсеке мен озық білім бар жерде ілгері жылжу, даму болады.







Талап Мурзалиев, «Жанкент жастары» ұйымы төрағасы, ауылдық клуб әдіскері:
– «Жастар керуені» жобасының негізгі мақсаты – елдегі жастар саясатын дамыта отырып, өңір мен ауылдардағы шығармашыл жастардың көзін ашу, ортасын қалыптастыру болып табылады. Олардың Жанкент мекеніндегі сапары біз үшін үлкен қуаныш болды. Яғни, мұндағы жастар саясатына қарасты шаралардың жоғары дәрежеде өтуі мен оның дамуына зор үлесін қосты. Алайда Жанкенттіктер бұған дейін де ауылішілік барлық қайырымдылық шара, көмек қолын созудан қалыс қалмаған. Мәселен өткен жылдан бастап, қыс мезгілінде ауыл басын қардан арылту сынды жұмыстарды да қолға алдық. Ал бүгінде «Мен оқыған кітап», «Тәуелсіз елім», «Ғажапсың» атты би кеші көптеп қолға алынуда. Одан бөлек, ауыл жастары «Еріктілер елеген отбасы» атты қайырымдылық шараны қолға алып, жағдайы төмен, көпбалалы отбасылардың үйін әктеу, сырлау сынды жөндеу жұмыстарын жасауда да аянбай еңбек етуде.
Басқа да, 2021 жылы ел ағаларының демеуімен ауыл тұрғыны, 4 балалы, тұрмысы төмен анаға баспана салып беру ісін бастағанбыз. Ол ағымдағы жылда тәмамдалады деп отырмыз. Осы орайда, ауданның жастарын біріктіре отырып, осындай игі шаралардың өтуіне мұрындық болып жүрген азаматтарға ауыл жастары атынан алғысымды білдіремін.


Ғизат Кемали, Тасарық ауылдық округі әкімдігінің жетекші маманы:
– Жуырда аудан жастары «Ауылым – алтын бесігім» атты концерттік бағдарламасымен ауылға аялдаған еді. Онда аудан әкімдігіндегі бірқатар азаматтар, кәсіпкерлік бөлімі мен палатасы, білім және жұмыспен қамту орталығынан білікті мамандар өз саласына қатысты тұрындар сұрағына жауап берді. Одан бөлек, жас кәсіпкерлерге ақыл-кеңестер айтып жан жадыратты. Кеш соңы алау басындағы ұсыныс-пікір мен ашық сұрақ-жауап алаңына ұласты. Жиналған жұрт қымсынбай көкейдегі сауалын қойып, тиісті һәм қанағаттандырар жауабын алды. Міне, «Жастар керуені» жобасының Тасарық ауылдық округіндегі сапары сәтті өтті. Осындай жастар саясатының берері, жақсылығы мол.
Одан кейін де, ауыл әкімдігі мен клубы жастардың бос уақытын тиімді пайдалану жолында түрлі шаралар ұйымдастырып келеді. Мәселен, 29 – шілде Сауда қызметкерлері күні қарсаңында “Кәсіп түбі – береке” атты жас кәсіпкерлер кеші, 12 – тамыз Халықаралық Жастар күніне орай ауыл жастары арасында “Жас балықшылар” сайысы өткізілді. Одан бөлек әр сенбі сайын ауылдық клубта би кеші ұйымдастырылады.
Әрине басты міндет жастардың және өскелең ұрпақтың, дұрыс өсіп-жетілуіне, бос уақытын тиімді пайдалануға, ең бастысы – «Жастар керуені» көздегендей, жас ұрпақтың болашақта өз орнын тауып кетуіне жағдай туғызу.
Серік АҚМЫРЗА



09 тамыз 2022 ж. 329 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930