Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Суда сақтық керек

Суда сақтық керек

Әдетте, су – тіршілік көзі, өмірдің өзегі деп жатамыз. Алайда ол тіршілік көзін өмір нәрінен айырушы да болып табылады. Әрине, ол суға түсудегі сақтық шараларына немқұрайлы қарағандықтың кесірінен туатын жағдай. Өкініштісі сол, қарапайым суға шомылу ережелерін сақтамаудың салдарынан оқыс жағдайға ұшырап жатқандардың саны жыл санап артып келеді.
Бала күнімізде қытымыр қыс кейінге қалып, жасыл желек жамылған жаз мезгілі келгенін асыға күтетінбіз. Сондағы көксегеніміз – көл мен канал суына шомылып, балалық қызыққа батып, одан қалды балық аулау. Тіпті қақ төбеден шақырайған күн ыстығын да елемей, ата-анамыздан тығылып баратынбыз. Сонда үстіміз сор болып келгенімізді байқаған олар, бір ұрысып алатын. Оған бір жылап алып, келесі күні түк болмағандай қайтадан канал бойын жағалай жүреміз. Алайда оның барлығы бізді уайымдап, сумен ілесе ағып кетпесін деген алаңдаушылық екен ғой.
Биылғы жыл басында ажал қос балғынды су ағысымен ала кетті. Ауданда суға шомылу маусымы осындай қайғылы оқиғамен басталды десек те болады. Алайда оның барлығы ескертілмеді емес, тиісті орын қызметкерлері ескертудей-ақ ескертіп жатыр. Бірақ соған құлақ асып жатқан кім бар? Мамандар тұрғындар өмірін қорғау, олардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күнделікті мониторинг, тіпті әлеуметтік желіде де сақтау жұмыстарын ұдайы жүргізіп келеді.
Жылдағыдай, биылғы алғашқы маусымнан бастап осындай іс-шаралар кеңінен қолға алынуда. Сонымен қатар жүргізіліп жатқан рейдтерге, түсіндіру жұмыстарына бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де тартылуда. Суға түсу және сақтық шаралары мен ережелері баяндалатын бейнероликтер де жыл сайын әзірленіп, ұлттық телеарналарда көрсетіледі.
– Кешегідей қайғылы оқиғалар орын алмас үшін, ең алдымен ауданға ақылы болса да арнайы бассейн салынып, жүзуді үйрететін үйірме ашылуы тиіс. Одан бөлек, жалпы кентті жағалаған канал да көл де көп-ақ. Жанқожа батыр кесенесіне қарсы орналасқан көшенің бойында сондай каналдың бірі жүріп жатыр. Ол тұрғындар көп шоғырланған мекен ғой. Сондықтан жақын орналасқан каналдар бойын қоршау қажет. Әйтпесе, мұндай жағдай қайталанбасына кім кепіл? Жалпы адам баласы қандай болмасын тәртіпті бұзуға бейімбіз. Оған дәлел шомылуға болмайды деген тақтайша ілулі тұрған орында шомылып жатамыз. Тиісті ережелерді де үгіт-насихатты жұмыстар жасап, сақтауды сұрағанның өзінде оны сақтамаймыз. Негізі мұндай азаматтарға жаза қолдану қажет. Мүмкін сонда ғана қалтасы қағылған жан бұндай олқылықты қайталамас, – дейді кент тұрғыны Алтынгүл Бердібайқызы.
Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы – суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау. Оның алғашқысы, суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз. Ал екіншісі, тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз. Одан кейін, суға тек қана рұқсат етілген орындар мен жағажайларда шомылыңыздар. Онан соң, өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз және суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз. Басқа да, қоршау белгілерінен тысқары аумаққа шықпаңыз және соңғы ереже техникалык ескерту белгілерінің, буйлардың және басқалардың үстіне шығудан аулақ болыңыздар.
Серік АҚМЫРЗА
06 тамыз 2022 ж. 425 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031