Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Суда сақтық керек

Суда сақтық керек

Жаз келісімен каналдар суға толып, өзен-көлдердегі демалыс орындарының жұмысы жандана бастайды. Мұнда тынығуға еңкейген шалдан бастап, бесіктегі балаға дейін келеді. Алайда қауіпсіздік шараларының сақталмауы салдарынан суға кетіп, жазым болып жатқан жандар қатары күн санап артып келеді.
Су айдындарында әсіресе, Сырдария өзенінде суға түсу маусымында әртүрлі себептермен адам қазасының көбеюі өзекті мәселе болып отыр.
Статистикалық мәліметке сүйенер болсақ, жалпы төтенше жағдайлардың түрі бойынша азаматтардың судағы қазасы бірінші орында тұр. Осы жылы ауданда 4 адам суға батып, қаза тапқан. Оның ішінде екеуі балғындар.
Ал 2021 жылы кент бойынша судан қазақ тапқандар саны үшеу. Оның ішінде, екеуі кішкентай бала. Көп жағдайда қайғылы оқиға абайсызда суға құлап кету мен балаларды қараусыз қалдыру салдарынан орын алады. Алайда жоғарыда аталған оқиғалар Төтенше жағдай ретінде тіркелмеген. Қаза болған адамдардың суға кетуі суға шомылу кезінде орын алған жоқ, бақытсыз жағдай ретінде тіркелді. Суда адамдардың қаза болуының негізгі себебі қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзуы болып табылады.
Атап айтар болсақ, өзен немесе каналдардың зерттелмеуі де себеп. Яғни, ағысы жылдам, терең, жағалары тік жар жерлеріне суға түсуі қайғы болып тұр. Басқа да спирттік ішімдік ішіп суға түсу, балалардың ересектердің бақылауынсыз су жағасына баруы мен суға түсуі және олардың жүзе білмегендігі қайғылы оқиғаларға әкеліп соқтыруда.
Бұған қоса суға түсуге қауіпті аймақтарда азаматтардың рұқсат етілмеген жүзу құралдарын қолдануы және алғашқы көмек көрсету тәсілдерін білмейтіні су айдындарында жазатайым оқиғалар санының көбеюі жағдайды ушықтырып тұр. Осы орайда Қазалы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысына жолықтық.
– Қазалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері ағымдағы жылдың басынан азаматтардың судағы қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуде. Қызметкерлер күшейтілген түрде аудан аумағынан өтетін Сырдария өзені жағалауында орналасқан су айдындарында полиция бөлімімен, БАҚ өкілдері және еріктілермен бірлесіп, күнделікті сағат 13:00-ден сағат 20:00-ге дейін рейдтік іс-шараларын жүргізуде.
Бөлім тарапынан судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында белсенді жұмыстар жүргізілуде. Алайда, оған қарамастан, ауа райының қатты ысуына байланысты тұрғындардың белгіленбеген жерде суға түсуі көптеп кездеседі. Соның салдарынан суда қаза болу жағдайлары азаймай отыр.
Осы тұста аудан тұрғындары мен қонақтары үшін суға түсуге қауіпсіз орындарды көбейту қажеттілігі туындайды, – дейді Қазалы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, Азаматтық қорғау подполковнигі Алтынбек Сауытбекұлы.
Мұндай оқыс оқиғалардың алдын алу үшін ауданда кемінде бір бассейн салынып, сонда жүзу үйірмесі құрылуы қажет. Мүмкін сонда ғана жаз келсе канал жағалап, суға шомылатын балалар өлімінің алдын алуға болар ма еді?


Серік АҚМЫРЗА
10 маусым 2022 ж. 446 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 48

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930