Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада 2 адамның денесі суда қалқып жүрген жерінен табылды

Қызылордада 2 адамның денесі суда қалқып жүрген жерінен табылды

Қызылорда облысында жыл басынан бері 2 адам су бетінде қалқып жүрген жерінен табылған. Оның біреуі – бала.
Биыл Қызылорда облысының су айдындарында 10 оқыс оқиға тіркелген. Оқиғалардың салдарынан 11 адам қайтыс болды, оның 5-уі бала.
«Облыстың су айдындарында, әсіресе, Сырдария өзенінде жылда азаматтардың әртүрлі себептермен қайғылы жағдайларға ұшырауы, оның ішінде жаз айларында суға шомылу кезеңінде олардың санының өсетіні өздеріңізге мәлім. Жыл басынан бері 11 адам қаза тапты. Оның 3-уі балық аулау кезінде, 2 адам (оның 1-і бала) белгісіз жағдайда көз жұмған, яғни олардың денесі табылды. Ал 1 бала арыққа құлап, көз жұмған. Ал 5 адам (оның 3-і бала) суға түсуге арналмаған орында шомылу кезінде батып кеткен. Сондай-ақ,1 адам құтқарылды. Суда адамдардың қаза болуының негізгі себебі қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзуы болып табылады»,- деді облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Руслан Қайрақбаев.
Мамандардың айтуынша, суға түсуге қауіпті аймақтарда азаматтардың рұқсат етілмеген жүзу құралдарын қолдануы және алғашқы көмек көрсету тәсілдерін білмейтіндігі де қайғылы жағдайдың көбеюіне ықпал етуде.
Әділжан ҮМБЕТ
07 маусым 2020 ж. 972 0

Балгер бағыңды аша ма?

23 тамыз 2025 ж. 167

Балалықтың тәтті бояуы

23 тамыз 2025 ж. 148

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031