Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өтті

Жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өтті

Кез келген мемлекеттің болашағы білімді жастар. Бүгінгі жас – болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын тұлға. Сондықтан да жастар мәселесі қай кезде де күн тәртібінен түскен емес. Соңғы жылдары елімізде жастар саясаты – маңызды стратегиялық сипат алып келеді. Республиканың барлық өңірінде арнайы жастар мәселесімен айналысатын ресурстық орталықтар құрылды. Мұндай орталық біздің ауданда да бар.

Бүгін Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен аудан әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өтті. Отырыста ауданда жастар саясатының жүзеге асырылу, жастардың жұмыспен қамтылуы жайында сөз қозғалды.
Жиынға ауылдық округ әкімдері аудандағы эпидемиологиялық ахуалдың күрделігіне байланысты «ZOOM» платформасы арқылы онлайн қатысты.

Басқосудың күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша аудандық жастар ресурстық орталығы директорының міндетін атқарушы Нұрбек Ақпанбетов айтып берді.

Сондай-ақ, аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Совет Бабанаев «Ауданда жастардың жұмыспен қамтылуына жағдай жасау бағытында атқарылған жұмыстар туралы», Басықара ауылдық округінің әкімі Мұратбек Бекмамбетов «Басықара ауылдық округі бойынша мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы туралы» баяндама жасады.
Аудан әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес отырысында жастар мәселесіне немқұрайлы қарамау жөнінде айтылып, нақты тапсырмалар берілді. Оның ішінде жастардың мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен кәсіппен айналысуына жол ашу, жастарды «Ұрпақтар сабақтастығы» бағдарламасы арқылы тұрақты жұмысқа орналастыруға аса қатты мән берілді.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат

30 шілде 2021 ж. 1 181 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 117

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 106

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930