Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Адам саудасы: 9 айда 200 қылмыстық іс тіркелген

Адам саудасы: 9 айда 200 қылмыстық іс тіркелген

Бұл туралы ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да жәбірленушілерге өтемақы қоры және адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы өткен брифингте айтты.
Шекараның ашық болуына, көші-қон ағынының күшеюіне және экономиканың дамуына байланысты қылмыстың осы түрінің мемлекетаралық және трансұлттық сипат алуы жиілеп кеткен. Осыған байланысты адам саудасына қарсы іс-қимыл Ішкі істер министрінің тұрақты бақылауында тұр. Осылайша, 9 айда ІІО-ның өндірісінде көрсетілген құқық бұзушылықтар бойынша 200 қылмыстық іс болды, оның 40%-ы сотқа жолданды, қалғандары бойынша тергеу жалғасуда, - деді ол.
Әділов атағандай, 26 адамға қатысты әртүрлі жазаны тағайындай отырып, айыптау үкімдері шығарылды.
Адам саудасына қарсы іс-қимыл саласында көрінетін нәтижелер адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу, жолын кесу және оларға қарсы іс-қимыл жөніндегі Үкіметтік жоспарлар шеңберінде жүргізілетін барлық мүдделі мемлекеттік орган жұмысының қорытындысы болып табылады, 2004 жылдан бастап осындай 6 жоспар қабылданды. 24 ақпанынан бастап біз уақыт талабы мен Мемлекет басшысының тапсырмаларын ескере отырып әзірленген 7-жоспарды жүзеге асыруды бастадық, - деді ол.
Осыған дейін 720 жәбірленушіге 93 млн теңге өтемақы төленгені анықталды.
#Адам саудасы # қылмыстық іс # жәбірленуші # санжар Әділов
05 қазан 2021 ж. 925 0

10 наурызға валюта бағамы

10 наурыз 2026 ж. 32

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031