Елімізде қант қоры – 90 мың тонна
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай елде азық-түлік тапшылығының туындауына, оның ішінде қант тапшылығы болуына негіз жоқ екенін растады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Деректерді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында айтты. Оның сөзінше, 2022 жылғы 14 наурыздағы жағдай бойынша республикадағы қант қоры – шамамен 90 мың тонна.
Оның ішінде:
тұрақтандыру қорларында, сауда объектілерінде, қоймаларда - 38,2 мың тонна
қант зауыттарында - 27 мың тонна
құрғақ қант 20 мың тонна
мемлекеттік материалдық резервте шамамен 4 мың тонна,
«Азық - түлік корпорациясы» АҚ ресурстарында 2,5 мың тонна қант бар.
Қазір азық-түлік корпорациясы өңірлерге қант жөнелтіп жатыр. Кондитерлік фабрикалар да қанттың қажетті көлемімен қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар Қазақстан 2022 жылғы 31 тамызға дейін 250 мың тонна көлемінде ақ қант пен құрақ шикі қантын бажсыз әкелуге құқылы. Сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында квоталар бөлу жүзеге асырылып жатыр.
Қантты әкелуге квота қорлары мен көлемін ескере отырып, республика қант қызылшасының жаңа өнімі жиналғанға дейін қантпен толық қамтамасыз етілді. Бұл ретте жеткізу географиясын кеңейту және тәуекелдерді азайту шеңберінде басқа елдерден шикі қант сатып алу бойынша жұмыс жалғасын табады, – деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай.
Жеңіс Өсербай қорытындылай келе азық-түлік қауіпсіздігі, сонымен қатар республиканың ауыл шаруашылығы құрылымдарының үздіксіз жұмыс істеуі мәселесі тұрақты бақылауда екенін, азық-түлік өнімдерінің өндірісі тоқтатылмайтынын, қорлар жүйелі негізде толықтырылып отырғанын және елде азық-түлік тапшылығының туындауына негіз жоқ екенін растады.