Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда заңсыз пәтер жалға беруші 7 мың адам анықталды

Қазақстанда заңсыз пәтер жалға беруші 7 мың адам анықталды

2018 жылдың 6 айында Қазақстанда заңсыз жалға беретін 7 мың адам анықталған. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің Камералдық мониторинг басқармасының бас маманы Куляш Искакова «Тұрғын үйді заңсыз жалға беру» тақырыбында өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. «Биыл алты айда басқа да уәкілетті органдармен бірлесе пәтерді заңсыз жалға беруші 7000 адамды анықтадық. Олардың бәрімен жұмыс істеген соң жеке кәсіпкер ретінде тіркелді», - деді Искакова. Оның айтуынша, бүгінде пәтерді заңсыз жалға берумен айналысқан 700 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға алдымен ауызша ескерту жасалып, екінші рет қайталанса 36 075 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. «Тұрғын үйді заңсыз жалға беру бойынша Алматы бірінші орында тұр. Содан кейін Астана қаласы, Ақмола облысы, Ақтөбе облысында да заңсыз пәтер берушілер көп. (...) Сегіз айда Алматыда 1127, Астанада 1049 заңсыз пәтер жалға беруші анықталды», - деп хабарлады басқарма қызметкері.
14 қыркүйек 2018 ж. 1 431 0

Деген екен

15 ақпан 2025 ж. 50

Бауыржанның батырлығы

15 ақпан 2025 ж. 52

Ол күндер ұмытылмайды

15 ақпан 2025 ж. 56

Ауғанның отты жылдары

15 ақпан 2025 ж. 56

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728