Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үкіметте жаңа облыстарды құру жоспары бекітілді

Үкіметте жаңа облыстарды құру жоспары бекітілді

Үкіметте Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарын құру туралы Президент Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Іс-шаралар жоспары мына шараларды қамтиды:
жаңа облыстардың шекараларын белгілеу;
орталық мемлекеттік органдардың аумақтық органдарын құру;
орталық және жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекіту;
жаңадан құрылған облыстар арасында бюджет бөлу балансын қабылдау;
облыстарды құру шеңберіндегі шығысты республикалық бюджетті қалыптастыру мен нақтылау үшін қарауға енгізу.
Жоспардың қабылдануы жаңадан құрылған және қайта ұйымдастырылған облыстарда мемлекеттік органдардың жұмыс істеуі үшін қажет іс-шаралардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржылық шығындарды қажет етпейді.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жаңа облыс орталықтарында бірқатар көшпелі кеңес өткізді, кеңес барысында өңірлердің әкімшілік ғимараттарын сатып алуға, жалға алуға және жөндеу жүргізуге дайындығы мен қажеттіліктері бағаланды.

Жүргізілген талдау жұмыстары жаңа облыс орталықтарында мемлекеттік органдар мен қызметкерлерді орналастыру және олардың жұмыс істеуі үшін әкімшілік ғимараттар дайын екенін көрсеткен.

Айта кетейік, биыл 16 наурызда Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстанда үш жаңа облыс құрылатынын мәлімдеді. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында Үкіметтік комиссия құрылды, ол аудандық және облыстық мәслихаттар деңгейінде жария тыңдаулар ұйымдастыруды, тұрғындардың жергілікті өкілді органдармен кездесулерін, сондай-ақ, республикалық ономастикалық комиссияның отырысы секілді ауқымды жұмыс жүргізді.
03 маусым 2022 ж. 790 0

Санамдағы сағыныш

06 қыркүйек 2025 ж. 150

Екінші орынды еншіледі

06 қыркүйек 2025 ж. 142

Баспана һәм байыпты бастама

06 қыркүйек 2025 ж. 129

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930