Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа облыстарды құру туралы Жарлықтың жобасы Президентке жолданды

Жаңа облыстарды құру туралы Жарлықтың жобасы Президентке жолданды

Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарын құру туралы Жарлықтың жобасы Мемлекет басшысының қарауына енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің телеграм каналына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында үкіметтік комиссия құрылып, ауқымды жұмыстар атқарылды. Жарлық жобасын дайындау кезінде аудандық және облыстық мәслихаттар деңгейінде бірқатар жария тыңдаулар өтті.

Сонымен қатар Республикалық ономастика комиссиясының отырысы өтіп, онда жаңа облыстарға атаулар беру туралы ұсыныстар қолдау тапты. Ауылдық елді мекендерде жергілікті атқарушы органдар тұрғындармен кездесулер ұйымдастырып, түсіндіру жұмыстарын өткізді.

ҚР Президентінің бастамасы жаңадан құрылатын өңірлердің тұрғындары мен қоғам белсенділері, аудандық және облыстық деңгейдегі депутаттар тарапынан қолдау тапты. Қоғамдық пікірлер мен ұсыныстар ескеріле отырып, қайта ұйымдастырылатын және жаңадан құрылатын өңірлердің шекаралары айқындалды.
29 сәуір 2022 ж. 721 0

Өнерге толы шаңырақ

15 тамыз 2026 ж. 22

Абай күні аталып өтті

15 тамыз 2026 ж. 17

Аналар алқа тағынып...

15 тамыз 2026 ж. 17

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31