Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев жалпыұлттық жоспарды бекітті

Тоқаев жалпыұлттық жоспарды бекітті

Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары 10 бағыт бойынша 36 іс-шараны қамтиды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жолдауды іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шараралар жоспарын бекітті, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Президент қаулысына сәйкес, үкімет жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын, сондай-ақ мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты Қазақстан халқына Жолдауының ережелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүйелi негiзде жүргiзудi қамтамасыз етуі керек.
Келесі жылы 25 қаңтарға дейін президент әкімшілігіне жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы есеп берілуі шарт.
"Қазақстан Республикасының президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың бірінші басшылары жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін", - делінген қаулыда.
Айта кетері, жалпыұлттық іс-шаралар жоспары 10 бағыт бойынша 36 іс-шараны қамтиды. Олар елдің саяси жүйесі мен әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгертуге, дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шараларды қабылдауға бағытталған. Саяси реформаға арналған бастамалар да бар.
Атап айтқанда, президент өкілеттіліктерін қысқарту, әкімдер мен олардың орынбасарларына саяси партиялардың филиалдарында қызмет атқаруға тыйым салу, сенат мен мәжілісті жасақтау тәртібі өзгерту, сайлау жүйесін жетілдіру, саяси партияларды тіркеу рәсімін оңайлату сияқты ауқымды жұмыстар атқарылады.
29 наурыз 2022 ж. 383 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930