Мәжіліс депутататтарының ауданға сапары жалғасуда
Бесінші маусымда Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша жалпы республикалық референдум өтеді. Атаулы күнге дайындық барысында "AMANAT" партиясының мүшелері ҚР Конституциясына түзетулерді қолдау және түсіндіру жұмыстарын жандандыруда.
Осы ретте ҚР Парламенті Мәжілісінің депутататтары, «AMANAT» партиясының Республикалық штабының мүшелері Балаим Кесебаева және Ғалым Әміреев референдумды қолдау және маңыздылығын жұртшылыққа түсіндіру мақсатында ауданға жұмыс сапарымен келді.
ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары, партия жанындағы республикалық штаб мүшесі Балаим Туғанбайқызы алғашқы жұмысын білім саласы қызметкерлерімен референдумның маңыздылығын талқылаудан бастады. Жиында республикалық штаб мүшесі Балаим Туғанбайқызы өзінің Референдум туралы ойымен бөлісіп, Конституцияға еңгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы айтты.
Ал, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ғалым Махмұтбайұлы ауылшаруашылығы саласы өкілдерімен жүздесті. «Қазалысушар» өндірістік учаскесі мекемесінде өткен жиында референдум өткізу және ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, еліміздегі референдум өткізу тарихы жөнінде сөз болды.
Өткізілген жиындарда республикалық штаб мүшелері алдағы референдумға белсенді қатысуға және өздерінің азаматтық ұстанымын көрсетуге шақырды. Сонымен бірге, қатысушылардан түскен барлық сұрақтарға тиісінше жауаптар берілді.
Айта кетейік, аталмыш жиындарға мәжіліс депутаттарымен бірге облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы, аудандық партия филиалы штабының төрағасы Нұрғиса Жалғасбаев, аудандық мәслихат хатшысы, аудандық штаб мүшесі Бақытжан Жарылқап, облыстық мәслихат депутаты, облыстық штаб мүшесі Ібайдулла Тілеп және аудан әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков қатысты.
#ReferendumAMANAT