Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәжіліс депутаттары референдум жайы талқыланды

Мәжіліс депутаттары референдум жайы талқыланды

"AMANAT" партиясының Республикалық штабының мүшесі Ғалым Әміреев ауданға жұмыс сапары аясында Қазалы орманшаруашылығы, ветеринария және аграрлы-техникалық колледжі қызметкерлерімен кездесті.
Колледж ғимаратында өткен басқосуда жалпы республикалық референдумды өткізудің маңыздылығы мен оған әзірлік барысы талқыға салынды. Ата заңға енгізіліп жатқан маңызды өзгерістердің бірқатарына тоқталған штаб мүшесі, 5 маусым күні өтетін жалпыхалықтық референдумға белсенді қатысуға шақырды.
«Президентіміз ұсынған оң өзгерістер мен реформалардың іске асуына, Жаңа Қазақстанның қалыптасуына үлес қосу – әрқайсымыздың негізгі азаматтық борышымыз. Осы тұрғыда біздер Қазақстанның демократиялы, әділетті және өркениетті мемлекет болып құрылуына үлес қосуымыз қажет!» - деп атап өтті штаб мүшесі Ғалым Әміреев.

Жиын барысында қатысушылар көкейлерінде жүрген сұрақтары мен ұсыныстарын айтып, толғандырған мәселелерін жеткізді. Сонымен қатар, еліміздің Ата заңы - Конституцияға енгізіліп жатқан түзетулерді бірауыздан мақұлдады.
#ReferendumAMANAT
31 мамыр 2022 ж. 482 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031