Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде ашық саясаттың жаңа кезеңі басталмақ

Елімізде ашық саясаттың жаңа кезеңі басталмақ

Ауданымызда «AMANAT» партиясы жанынан құрылған республикалық штаб мүшелерінің референдумды қолдау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары белсенді түрде жүруде.
Осы орайда, ҚР Парламенті Мәжіліс депутаты, штаб мүшесі Балаим Кесебаева, облыстық мәслихат хатшысы Байқадамов Наурызбай және аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап Р.Бағланова атындағы мәдениет орталығында мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесіп, референдум қолдау аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сала өкілдерімен өткен кездесуде 5 маусымда өтетін референдумның маңыздылығын, тұрғындардың ел дамуына қосар үлесі сөз болды.
- «Қазір жаһан жұрты күрделі кезеңді бастан кешуде. Бүгінгі таңда біздің мемлекетімізде де ауқымды өзгерістер болып жатыр. Президент реформалары осы сын-қатерлерге берілген нақты жауап деп айтуға болады. Біз жаңа, әрі әділетті Қазақстан құруға бет бұрдық.

Елімізде ашық саясаттың жаңа кезеңі басталмақ. Енді барлық саяси күштер сайлаушылардың нақты сұранысына басымдық береді. Сонымен бірге референдум мемлекеттің жаңа мақсаттарын жүзеге асыру болып саналады. Сондақтан маңызды сәтте баршаңыз белсенді болуларыңыз қажет»-деді Мәжіліс төрағасының орынбасары Балайым Кесебаева.
Жиын барысында тыңдаушылар ел ертеңі үшін ел Президентінің жанына топтасып, жаңа Қазақстан - екінші Республика құру идеясын, еліміздегі оң өзгерістерді қолдайтындықтарын және референдумға қатысатындықтарын айтты.
#ReferendumAMANAT
31 мамыр 2022 ж. 516 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 85

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930