Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Зерек бала Бердікен

Зерек бала Бердікен

Аудандағы берекелі, өсіп-өнген шаңырақтың бірі – Есекеевтер отбасы. Оларды былайғы жұрт «нотариустар» жанұясы деп біледі. Өңірдің өсіп-өркендеуіне, тыныс-тіршілігінің түзелуіне бір кісідей атсалысқан Құдайберген мен Айшагүлді танымайтын жандар кемде-кем десе де болады. Бірі заң саласының жілігін шақса, әулеттің отанасы – ұрпақты білім нәрімен сусындатқан ұлағатты ұстаз. Бүгінде зейнет жасына шыққан бұл кісілер немерелерінің қызығын көріп отырған бақытты әже мен ата.
Жуырда редакцияға Құдайберген ағамыз немересін ерте келді. Сонау 1972 жылдан бері аудандық газетпен қойын-қолтық жұмыс жасап, жазғандары үздіксіз жарияланып жүретін кісімен аз-кем әңгімелесудің сәті түсті. Жанындағы талдырмаш денелі, қырғи көз немересін қызық көріп әңгімеге тартқанбыз. Көнекөздерден қалған үрдіс бойынша аты-жөнін, руын, мектебін сұрастық.
«Бала тілі – бал» деген. Тақылдап тұрған жас балдырған өзін «Бердікен» деп таныстырды. Әп дегеннен-ақ баланың «Қазалының Алтынсарины» атанған ұлағатты ұстаз Бердікен Кеулімжаевтың құрметіне қойылғанын бірден аңғардым.
Бердікен биыл 4-шіні бітіріпті. Ержігіт Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейде білім алады. Оқуда озат. Математикаға жүйрік бала қазақ тілі мен әдебиетінде жақсы көреді. Арагідік атасының жанында кітап оқып, әжесінің ертегілеріне елітіп өсіп келеді. Сынып жетекшісі Гүлжазира Құлмағанбетова зерек баланы түрлі жарыстарға қатыстырып, топ жаруына сүбелі үлес қосып жүр. Мысалы, Бердікен мектеп оқушылары арасында дәстүрлі өткізілетін «Кенгуру» математикалық сайысында жүлделі бірінші орынды алыпты. Мұнымен қатар «Ұлы дала» атты математикаға жаны үйір балалар арасында өткізілген додада да алдыңғы орыннан көрініпті. Арманына қанат бітіріп, мектеп бітіргесін ұшқыш болуды армандайды.
Бізде 1-ші маусым – Халықаралық балалар құқығын қорғау күні қарсаңында кездескен шәкірттің болашағына сәттілік тілеп, қазақтың бағына біткен тұлға бол деп тілек білдірдік.

Есет ЖҰМАБЕКҰЛЫ
31 мамыр 2022 ж. 377 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031