Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Абайлықтар мемлекет басшысы жариялаған референдумды қолдайды

Абайлықтар мемлекет басшысы жариялаған референдумды қолдайды

Референдум өткізу, Ата Заңымыздағы жаңашылдық, Тәуелсіз Қазақстанды жаңа дамуға жетелері айқын.Қоғам болып, өзгеріске, жаңа бастамаларға қадам басқан уақытта ел бірлігінің маңызы зор.
Осы орайда, Абай ауылы ауылдық клубында қоғамда кеңінен талқыланып отырған үлкен саяси оқиға – Президентіміздің Референдум өткізу туралы бастамасы талқыланды. Жиынға ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» партиясы жанынан құрылған республикалық штабтың мүшелері Бақытбек Смағұл, Геннадий Шиповских, аудан әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков, аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы, партия филиалы жанынан құрылған штаб төрағасы Нұрғиса Жалғасбаев және ауыл тұрғындары қатысты.
Жиын барысында Мәжіліс депутаттары ауыл тұрғындарына ақпараттық-насихаттық жұмыстарда белсенділік танытуларын алға тартып, Мемлекет Басшысының бастамаларын бірауыздан қолдап, ауқымды шараға атсалысуға шақырды.
Өз кезегінде ауыл тұрғындары бірқатар ұсыныс-пікірлерін айтып, 5 маусымда елімізде өтетін республикалық референдумға бір кісідей атсалысып, дауыс беретіндіктерін жеткізді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
18 мамыр 2022 ж. 777 0

Абай кабинеті ашылды

05 қазан 2024 ж. 62

Мәртебелі мамандық

05 қазан 2024 ж. 68

Зерделі шәкірт зергері

05 қазан 2024 ж. 68

1070 жылдық өнеге

05 қазан 2024 ж. 50

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031