Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сақтық сапаны арттырады

Сақтық сапаны арттырады

Қазалы қаласына көптен күткен газ желісі толықтай тартылды. Бұндағы 49 көшеде орналасқан 1558 тұрғын және екі қабатты 5 тұрғын үйдің, 28 мекеме, кәсіпорын мен 51 кәсіпкерлік нысан жанында жүргізілген желілердің бойына көгілдір отын келіп тұр. Ендігі шаруа тұрғындардың өздеріне тікелей қатысты.
Жалпы Қазалы қаласын газбен жабдықтау жобасына республикалық және облыстық бюджеттен 883,242 миллион теңге қаржы бөлінгенді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Осы жылдың сәуір айының басында қала тұрғындарының игілігіне берілді. Негізгі жобада қаралған жұмыстарды атап айтқанда: газ құбырларының жалпы ұзындығы 58,914 км құрайды. Оның ішінде жоғарғы, орта, төмен қысымды газ желісі құрылғылары орнатылды.
Жуырда ғана Қазалы қаласы, Ү.Түктібаев көшесі №59/1 үйде орын алған төтенше жағдай тұрғындарды алаңдатып қойды. Үрейленуге себеп жоқ емес. Үй иесінің айтуынша, 8 мамыр күні үйіне табиғи газ кіргізіп, оны РЦКУ компаниясының жұмысшысы қосып берген. Сол күні тамақ жасамақ ниетпен газды жаққанда, астыңғы бөлігінен лап етіп от жанып, қорыққан тұрғын газды мүлдем өшіріп тастаған. Жауапты маманды шақырып, шағымын айтқанда: «Бәрі жақсы, газ жанып тұр», – деп қайтып кеткен көрінеді. Бойын үрей билеген тұрғын сол күні газды қайта қосуға беттемейді. «Түнгі бестер шамасында тарсылдаған дауыстан шошынып оянып, бөлмемнен жүгіріп шыққанымда асхана өртеніп жатты. Үйдің іші қою, қара түтіннен көрінбейді. Жан екпінмен бес баламды далаға алып шығып, өрт сөндіру мекемесіне хабарластым. Бәріміз уланып, иіс тиіп аудандық ауруханаға барып, ем алдық...» деп инстаграм желісінде жан айқайын жариялаған ананы қоштаған көпшілік, тиісті мекеме мамандарының жауапкершілігі төмендігін алға тартуда.

Осы оқиғаға орай Қазалы аудандық төтенше жағдайлар бөліміне телефон шалғанымызда: «2022 жылдың 9 мамыр күні 05 сағат 40 минутта Қазалы ауданы, Қазалы қаласы, Ү.Түктібаев көшесі №59/1 мекен-жайдағы 2 қабатты тұрғын, үйде өрт оқиғасы орын алды. Жарақат алғандар мен қаза болғандар жоқ. Орын алған өрт оқиғасына және тұрғын үй иесінің шағымына байланысты Төтенше жағдайлар бөлімімен сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде. «РЦКУ-Қызылорда» ЖШС мекемесі тарапынан да жұмысшы топ құрылып жұмыс жасауда», – деген мәліметті жолдады.
Айтуларынша, істің ақ-қарасы әлі де анықталуда. Бұл ретте «КазТрансГазАймақ» АҚ ҚӨФ Әйтеке би газ шаруашылығының директоры Қуаныш Сансызбаев аталған тұрғын үйдің құжаттарының дұрыс болғандығын және қосуға рұқсат бергендігін айтты. Өйткені бұл мекеменің құзыретіндегі шаруа осы ғана.
Төтенше жағдайдан кейін тосылып қалған тұрғындардың көңіліне ұялаған күдігін сейілтпекке: «Газ құру жұмыстарымен айналысамыз» деген жарнама бойынша бірнеше телефонға қоңырау шалдық. Алайда басым көпшлігі газетке өздері туралы мәлімет беруден бас тартты.
Әйтеке би кентіндегі тұрғын үйлердің 80 пайызына газ кіргізу жұмыстарымен айналыстық деген «АЭS and Limited» ЖШС-ның басшысы Ұлан Рахатұлымен сөйлесудің ғана сәті түсті.
– Газдандыру бойынша құрылыс монтаждау жұмыстарымен Қазақстан нарығында 2010 жылдан бері жұмыс істейтін заманауи, көпфункционалды ұжымбыз. Бүгінгі таңда компанияда тұрақты түрде 25 маман жұмыс жасайды. Қажет болған жағдайда штаттық мүмкіндіктерімізді 100 адамға дейін жедел түрде көбейтеміз. Негізі принцип – сапалы сервис, кәсібилік, жұмысшылардың біліктілігі, жұмысты мерзімінде аяқтау. Қызмет бағыты – газ жабдығын орнату және монтаждау, газ құбырын жаңарту, қайта құру, сыртқы және ішкі газбен жабдықтау құрылысы және жерасты, сыртқы, ішкі газбен жабдықтау құбырын жүргіземіз. Қазалы қаласында 19 үйге жұмыс жасадық. Қазіргі таңда құжаттары дайын, техникалық шартты берген соң қосу жұмыстарын бастаймыз, – деді.
«Сақтансаң, сақтаймын» дейді. Жалпы қай істе болмасын, жауапкершілік жүгі жеңіл емес. Адам өміріне келгенде әңгіме тіптен бөлек. Істелген істің сапасы сын көтерсін десек, сақтық шараларына салғырт қарамаған абзал.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
17 мамыр 2022 ж. 730 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 60

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930