Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қала дамуы қарқынды

Қала дамуы қарқынды

Биыл аудан көлемінде құрылыс қарқынды жүргізілуде. Мұндай жұмыстар Қазалы қаласында да жалғасуда. Қаланы газбен жабдықтау жобасына республикалық және облыстық бюджеттен қаржы бөлінген болатын. Негізі сметалық құны 1 026,9 млн теңгені құраса, келісімшарт құны 883,241 млн теңге. Қазіргі таңда бұл жұмыстарға 721,97 млн теңге қаржы, тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Жалпы ұзындығы 58,914 шақырымды құрайтын газ құбырларының ішінде жоғарғы қысымды газ желісі 0,468 шақырым, орта қысымды газ желісі 9,663 шақырымды құраса, төмен қысымды газ желісі 48,783 шақырым. Сондай-ақ 1 жерге ПГБ, 9 жерге ГРПШ құрылғылары орнатылған.
Жобада газ желісімен қамтылатын 1558 тұрғын үй, екі қабатты 5 тұрғын үй, 28 мекеме, кәсіпорындар мен 51 кәсіпкерлік нысан қарастырылған. Жүргізілетін жұмыстардың қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету ­басты назарға алынған.
Осы орайда тағы бір әлеуметтік мәселе қылаң береді. Газдандыру басталған сәттен тұрмыс жағдайы төмен отбасылардың үйлерін қосу бойынша көмек көрсету ісі туындайды. Бұл бағытта бөліп төлеу жайы қарастырылған.
– Көмір жағып үйренген біз алғашында Қазалы қаласына газ келеді дегенде сенген жоқпыз. Алайда жоба жүзеге асып, газ құбыры жеткізілгенде қуанбаған адам қалмаған шығар. Бұл бұған дейін бейнет көріп келген жерлестерімізге үлкен қолдау, – дейді Ақниет Есболатұлы. Енді күл шығарып, ошақ жағудан қолы босамайтын күнді күтіп жүрген қала тұрғындары қазірдің өзінде газ қосуға техникалық шарттар алып үлгерген.
Сонымен қатар, республикалық және облыстық бюджеттен Қазалы қаласының 8,2 шақырымды құрайтын С.Толыбеков З.Бұлақбаев, Аманкелді батыр, Бекетай би, Қ.Рысқұлбеков, Ы.Алтынсарин, А.Қыстауов, Б.Момышұлы, Г.Шляпин, С.Мұханов сынды 10 көшесіне қайта жаңғырту жобасына 736,6 миллион теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілген.
Жергілікті бюджеттен Қазалы қаласындағы Ш.Уәлиханов көшесінің бас жағындағы аяқсу арығына темір бетонды лоток салу жұмыстарына 24,4 миллион теңге және Қазалы қаласының аяқсу арықтарына су жіберу үшін дизельді СНП-500/10 маркалы насосын алып, орнату жұмыстарына 12,2 миллион теңге қаржы бөлінген. Осыған орай, Ш.Уәлиханов көшесінің аяқсу арығына темір бетонды лоток салу жұмыстары аяқталып, аяқсу жіберілген.
Ал аяқсу арықтарына дизельді СНП-500/10 маркалы насосын алып, орнату жұмыстарына байланысты жеңімпаз мердігер мекеме тарапынан әкеліп, орнатып халықтың игілігіне пайдалануға берілген.
“Шағын және моноқалаларды дамыту және бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру” бағдарламасы аясында Қазалы қаласын дамыту жолында бірқатар жұмыс қолға алынған.
Қазіргі уақытта Қазалы қаласының 10,100 шақырымды құрайтын 21 көшесіндегі электр желілеріне және Қазалы қаласының 7,220 шақырым құрайтын 10 көшесін қайта жаңғыртуға жоба сметалық құжаттар әзірленуде.
Қазалы қаласының 10,720 шақырымды құрайтын 10 көшесін жарықтандыру үшін жоба сметалық құжаттары әзірленіп, 2022 жылға қаржыландыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіндегі Өңірлік даму департаментіне бюджеттік өтінім ұсынылды. Қазіргі кезде қаржы күтілуде.
Әлеуметтік саланың негізі – білім беру мен денсаулық сақтау саласы. Халық саны артқан сайын мектеп пен аурухана, емханалар жағдайы сараланады. Белгілі болғандай, қазір мұндағы халық, оның ішінде оқушылар саны, бала туу жағдайының артуы көңілге қуаныш ұялатты.

Алтын ҚОСБАРМАҚОВА
04 желтоқсан 2021 ж. 417 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 34

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930