Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Берекелі отбасы қоғамды көркейтеді

Берекелі отбасы қоғамды көркейтеді

Бір жылдығын ойлаған халық бидай егеді. Жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді. Мың жылдығын ойлаған халық саналы ұрпақ тәрбиелейді.
Міне, саналы ұрпақтың тәрбиесін ойлаудың тамыры тереңде жатыр. Ата дәстүрі бойынша: «Әке тұрып ұл сөйлегеннен без, шеше тұрып қыз сөйлегеннен без» деген тұжырымға тоқтаған халықпыз.
«Ұят болады, обал болады» деп, ұлы мен қызының санасына ізігіліктің дәнін еккен елміз. Отбасы – шағын мемлекет. Оны басқарушы, жақсы мәміледе өмір сүруші, бір-бірін толықтырып тұрушы тұлғалар бар. Олар – ата-ана. Отбасы – әр адамның алғашқы тәрбие мектебі. Жақсы ата-ананың мейірімі мен махаббат бұлағынан ізетті ұрпақ сусындары анық.
Шынболат Қуантаев Қазалы теміржол ауруханасына дәрігер радиолог болып орналасқан. Зерек әрі еңбекқорлығының арқасында оған аурухана басшылығы радиология бөлімінің меңгерушілігін жүктеді. Қазір жас дәрігердің қарамағында 4 дәрігер, 8 лаборант қызмет етеді.
Шынболат Шалғынұлының жары Айдана Нұрлыбекқызы Сахиева да осы ауруханадағы лабораторияда медбикелік қызмет көрсетеді. Мұнда ол учаскелік дәрігердің жолдамасымен келген емделушілерден арнайы жалпы анализдерді алып, тапсырады. Айдана Қызылордадағы “Болашақ” медициналық колледжінде оқып, емдеу ісі факультетінен фельдшерлік мамандықты меңгеріп шыққан. Мұнымен қоса қосымша біліктілігін арттырып, медбикелік куәлікке қол жеткізді. Бүгінде ақхалатты ерлі-зайыптылар Нұр-Мұхаммед деген ұлын тәрбиелеп отыр. Жалпы Шынболат кіршіксіз аппақ халат киіп, науқастарды емдеп-жазуды бала кезден аңсаған. Себебі оның анасы Айгүл Арал ауданындағы Құмбазар елді мекенінде фелдьшерлік қызмет көрсетеді. Отыз жылдан астам уақыт ауыл медпунктінде дәрігерлік шипасын үзбей абыроймен атқарып келеді. Осы күні Шынболат пен Айдана ұжымдастарының арасында сыйлы, сөзі өтімді нағыз мамандар қатарынан көрінуде.
– Ақтөбе қаласындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде білім алдым. Кейін Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде жедел-жәрдем циклы бойынша тәжірибе алмастым.
2016 жылы жалпы медицина факультетін жақсы аяқтап, ары қарай интернатураны “Хирургия” саласы бойынша жалғастырдым.
Осында оқып жүргенімде “Жедел-жәрдем ауруханасының” “опер блок” бөлімінде 2 жыл санитар болып қызмет атқардым. Ол маған хирургия, нейрохирургия және травматология саласында біраз дүниелерді үйренуіме жақсы көмектесті. 2016 жылы “Дару” клиникасының “гемодиализ” бөлімінде “медбрат” болып қызмет атқардым. Сол жердегі жасаған қызметімнен денсаулықтың қадірін, дені сау адам – ең бай адам екенін түсініп, Аллаға деген шүкіршілігім артты.
2018 жылы дипломды қолға алып, “Қазалы теміржол ауруханасы” ЖШС-не “хирург-дәрігер” болып жұмысқа қабылдандым, – дейді Шынболат Шалғынұлы.
Оның айтуынша, сол кездері ауруханаға заманауи КТ, МРТ тағы басқа диагностикалық тексеру аппараттары іске қосыла бастағандықтан аурухана басшысы Құбыл Ршымбетов радиология саласы бойынша ілім алуға ұсыныс жасайды. Осылайша Алматыдағы қазақ медициналық білім беру университетінің “Сәулелі диагностика” мамандығын меңгеруге резидентураға түседі. Ойдағыдай ілімге қанығып шыққан маман қайта “Қазалы теміржол ауруханасына” “Радиология” саласы бойынша қызметке қосылады.
Қазір өз ісінің нағыз маманы халықтың ыстық ықыласына бөленіп, алғаусыз алғыстарын алып жүр.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА

12 мамыр 2022 ж. 709 0

Мен таңдаған мамандық

30 қараша 2024 ж. 27

Отыз жылдық белес

30 қараша 2024 ж. 35

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930