Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бата алғанның – бағы артар

Бата алғанның – бағы артар

Қазалыда «Ақ тілеуі атаның, орны бөлек батаның» атты батагөйлер байқауы өтті. Ұлттық құндылық ұлықталған сайыста көпшілік көнекөз қариялардан батаның түр-түрін тыңдады.
Ас қайыру батасынан бастап Нау­рыз бата, жас жұбайларға арналған бата, сапар бата, ықылас бата баталары самай шашы бурыл тартқан ақсақалдарымыздың аузымен айтыл­ғанда өте әсерлі естілді.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев мұн­дай ұлттық салт-дәстүрді ардақтап, бата беруді дәріптейтін шараның жастарға берер өнегесі мен тәлімдік мәні өте жоғары екендігіне тоқталды.
Байқауда қоғам қайраткері, Орал қаласында тұратын жерле­сіміз Қуанышбай Төлебаев, қоғам қайраткері, игі шараның ұйымдас­тырушысы Нажмадин Мұсабаев және тағы басқа бірқатар азамат сөз сөйлеп, жылы лебіздерін жеткізді.
Ұлы Отан соғысының ардагерлері Түрікпен Мұсабаев пен Ағжап Өтемұратовтардың 110 жылдығына орай ұйымдастырылған дода тартысты өтті. Жарыс нәтижесі бойынша бас жүлдені Сырдария ауданынан келген Әлімхан Баһадүров жеңіп алды.
Мұндай шаралар әрі қарттардың қоғамдық іс-шараларға белсене қатысуына себеп болса, енді бір жағынан жас ұрпақты ізгілікке, бірлікке шақыруда маңызы зор болмақ дейді шара ұйымдастырушылары.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
12 мамыр 2022 ж. 674 0

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж. 120

Толымды тарту

04 қараша 2025 ж. 128

Мәңгілік мұраның мекені

04 қараша 2025 ж. 107

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930