Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қолхат беруді тоқтатады

Қолхат беруді тоқтатады

«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы мемлекеттік қызметтердің басым бөлігін қағазсыз қызметке ауыстырмақ.Ол үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарында 8 қызмет бойынша қағаз түрінде берілетін қолхатты қысқартты. Жақын арада барлық мемлекеттік қызмет қолхатсыз көрсетілетін болады.
«Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ» Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Айнұр Тобаеваның айтуынша қағазсыз қызмет көрсетуге көшу бірнеше кезең арқылы жүзеге асырылмақ.

Қазіргі таңда халыққа қызмет көрсету орталықтарында көрсетілетін қызметтердің дені электронды форматқа ауыстырылып жатыр. Корпорация басшысының тапсырмасы бойынша біз алдағы уақытта қағазбастылықтан мүлдем арылуымыз керек. Бұрын мемлекеттік қызмет алушы тапсырыс берген уақытта қолына қағаз түрінде қолхат берілетін еді. Енді клиенттерге құжаты дайын болғанда қай ХҚО-ға жүгіну керектігі және уақыты көрсетілген sms-хабарлама келеді. ХҚО операторына клиент қолхаттың электронды нұсқасын көрсетсе болды», – дейді Айнұр Тобаева.

Еліміздегі халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамандары қазақстандықтарға осы 8 қызмет бойынша жылына 6 млн-ға жуық қолхат береді (бұл қолхаттардың жалпы санының 40%-ын құрайды). Енді клиенттер құжаттарын алу кезінде қағаз түріндегі қолхатты көрсету қажеттілігінен құтылды. Бұл жүйенің экологиялық және экономикалық пайдасы да зор.

Мұнан бөлек, бюджетті оңтайландыру мақсатында Азаматтарға арналған үкімет жартылай ағартылған целлюлозадан жасалған эко-қағазды пайдалануға көшу туралы шешім қабылдады. Ол әдеттегі қолданатын қағаз түсінен сарғыш болғанымен, басылған мәтіннің сапасына әсер етпейді. Сонымен қатар, ол кез-келген принтер мен көшіру құрылғысына жарамды. Қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың, университеттер мен банктердің көпшілігі осындай эко-қағазды пайдалануға көшті.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ішінде қолхат берілмейтін қызметтер де бар екенін айта кеткен жөн. Олардың тізімі мыналар:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін беру және кері қайтарып алу;
2. Қазақстан Республикасы халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу;
3. Қазақстан Республикасы халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару;
4. Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру;
5. Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру;
6. Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру;
7. Жылжымайтын мүлік объектілерінің жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тіркеу органы куәландырған тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру;
8. Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортының телнұсқасын беру.
05 мамыр 2022 ж. 486 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 32

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 29

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 33

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930