Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құмар ойын құрығына түспейік

Құмар ойын құрығына түспейік

Басында «100-ақ теңге тігіп жүрмін», деп басталатын бұл құмар ойынның кеселі тиген қаншама азамат бар. Алғашында барлығы ойдағыдай өтіп, тіпті үлкен соммада ақша ұтып алып жатады. Бұл құмар ойынның арнайы құрылған бағдарламалық айласы. Яғни, стратегиясы. Одан кейін күнделікті әдетке айналдырып, бастапқыда қанша сомма ұтқызды, ойыншы содан екі тіпті үш еселеп ұтылады. Онан соң үлкен сомманы қайта ұтылған жан өз-өзіне қол жұмсау, ажырасу, ұрлық-қарлық, зорлық-зомбылық және қарызға бату сынды мәселеге тап болады. Бұдан да сорақысы құмар ойынға елітушілердің арасында баспанасын, көлігін, кейде өзінің өмірлік серігінде бәске тігушілер кездеседі. Осының салдарынан бейкүнә балғындар жапа шегіп, қаншама отбасының шаңырағы ортасына ойсырап түсуде.
Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, 2019 жылы елімізде ойын бизнесі саласына 85 лицензия берілген. Оның 12-сі казино, 43-і букмекерлік кеңсе болса, 15-і ойын автоматтары. Букмекерлік кеңселердің бірі –Лото клубқа жылына 350 мың адам бас сұқса, олардан ағымдағы жылда 200-250 мрд теңге түседі екен. Ең сорақысы, мұндай ойын орталықтары күн санап артып келеді. Мәселен, жергілікті орында бір ғана «Лото клубқа» күн сайын 60-70 адам кіріп, оның барлығының дерлік қалтасы бос қайтады. Ал мұндағы «Лото клубқа» орта есеппен жылына 84 миллион теңге немесе бұдан екі есе пайда түседі екен. Ол дегеніміз 70 жанұя асыраушысының қалтасынан қағылғаны. Яғни, үйінде күтіп отырған бала-шағасы аш, күйсіз отыр деген сөз.
Психолог мамандардың айтуынша ойынқұмарлықтың нашақорлық пен алкоголь тәуелділігіне қарағанда әкелер шығыны мен зияны мол.
– Құмар ойынға салынған адам жеңілген сайын депрессияға ұшырап, жүйкесі сыр бере бастайды. Оған деген тәуелділікті жеңу көбінесе жақсы мотивация мен үлкен ерік-жігерді қажет етеді. Құмар ойынның құрығынан қалай шығамыз? Оған шалдыққан жанның ойын бірнеше тәсілмен аулау қажет.
Біріншісі, қолдау көрсету керек. Отбасына, достарына қоңырау шалып, мәселесі бар адамдармен кездесіп, олардың басынан кешкенін тыңдаған жөн;
Ал екіншісі, оқшауланудан аулақ болуға, достарыңызбен уақыт өткізуге, жаңа хоббилер табуға, кітап оқуға бет бұру;
Енді үшіншісі, маман көмегіне жүгіну. Оған бару сіздің әлсіз екеніңізді немесе қиындықты еңсере алмайтыныңызды білдірмейді. Сіздің көмекке мұқтаж және өз өміріңізге алаңдайтыңызды білдіреді, – дейді психолог маман Ботагөз Есенова.
2025-2026 жыл аралығында, құмар ойындарға салық салынады дегенді бәріңіз естіген боларсыздар. Әрине ел экономикасын салық өтеу арқылы көтеруі мүмкін. Әйтсе де адам өмірінен артық емес. Елдің атқа мінерлері оны жабумен айналысамыз деп, дамыту жолын ашқан секілді. Көпшіліктің ойынша:
– Егер құмар ойынға салық салар болса, онда оның шырмауына түскен жандар саны бүгінгіден де артады», – дейді.
Яғни, олар төлеген салықтың құнын өтеу мақсатында, құмартқан қолданушының қалтасын қағу үшін, сан түрлі құйтырқы әдістер ойлап табады.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бұлардың барлығын жабу керек және белгілі сайттарды тоқтату қажет. Бұған мемлекеттің күші жетері айдан анық. Себебі, қаңтар оқиғасы тұсында барлық сайтты, тіпті ғаламторды бұғаттап тастаған болатын. Ендеше неге дәл солай ойын сайттарын бұғаттап тастамасқа?! Осыны қолға алсақ ғана ел болашағы жарқын болады. Жұмыссыз жастар азаяды.
Жалпы, құмар ойынның зардабы мыңдаған жас отбасының құлдырауына ықпал етіп жатыр. Ал, отбасы ол шағын мемлекет. Яғни, мемлекетімізге зияны келіп жатыр деген сөз. Ел болып, бесігімізді түзейміз десек, құмар ойынға шектеу қойып, келер ұрпақты бұл пәледен алыстату қажет.

Серік АҚМЫРЗА
04 мамыр 2022 ж. 682 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930