Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Студенттерге жол жүру қаражаты аударылды

Студенттерге жол жүру қаражаты аударылды

Ақша толық көлемде жоғары оқу орындарының есепшоттарына түсті
Студенттерге жол жүру қаражаты аударылды
Фото: istockphoto.com
Ғылым және жоғары білім министрлігі студенттердің жол жүру шығынына арналған қаражаттың толық көлемде аударылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
"2025 жылғы 31 шілдедегі жағдай бойынша студенттердің жеңілдікпен жол жүруіне арналған қаражат ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан толық көлемде жоғары оқу орындарының есепшоттарына аударылды", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Осыдан кейін әрбір университет ақшаны студенттердің жеке банк картасына аударуы қажет.
Айта кетері, мемлекеттік грантпен оқитын студенттерге екі жылда бір рет каникул кезінде жол жүру шығынына арналған қаражат аударылады. Оның көлемі – 4 АЕК (2025 жылы – 15 728 теңге).
Бұған дейін биылғы жаңа оқу жылынан бастап студенттердің стипендиясы өсетіні хабарланған болатын. Бакалавриат үшін стипендия мөлшері 52 372 теңге, магистратура 117 098 теңге және докторанттар үшін 262 500 теңге болады. Яғни, осы жылы бакалавриат деңгейінде стипендия мөлшері 2020 жылмен салыстырғанда 2 есеге, ал магистратура мен докторантура деңгейінде 1,75 есеге артады.



02 тамыз 2025 ж. 145 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031