Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңбыр тоқтап, аптап ыстық басталады: 2 тамызға арналған ауа райы болжамы

Жаңбыр тоқтап, аптап ыстық басталады: 2 тамызға арналған ауа райы болжамы

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ұсынған болжамда айтылған.
Фото: Pixabay
Қазақстанда алдағы сенбі, 2025 жылғы 2 тамызда, жауын-шашын тоқтап, қайтадан аптап ыстық болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ұсынған болжамда айтылған:

"Қазақстанның батысына антициклонның тармағы жылжи бастайды – жауын-шашын тоқтайды деп күтіледі. Елдің қалған аумағында циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсері сақталады – жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, солтүстік пен шығыста қатты жаңбыр жауады, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. Республика бойынша жел күшейіп, дауыл соғады, күндіз елдің оңтүстік-батысында шаңды дауыл болуы ықтимал. Солтүстік пен орталықта түнде және таңертең тұман күтіледі".
Болжам бойынша күндіз аптап ыстық күтіледі:

Атырау облысында – +35…+38°C дейін,
Маңғыстау облысында – +38…+40°C дейін,
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде – +35…+36°C дейін.
Сондай-ақ, мынадай өрт қаупі бар:

жоғары өрт қаупі – Абай облысында, Павлодар облысының батысы мен солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының батысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында;
төтенше өрт қаупі – Түркістан, Алматы, Жетісу облыстарында, Қызылорда облысының оңтүстік жартысында, Жамбыл облысының солтүстігі, батысы мен шығысында, Қарағанды облысының оңтүстігі мен орталығында, Атырау облысының солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде, Маңғыстау облысының батысы, орталығы мен оңтүстігінде, Ақтөбе мен Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Ұлытау облысында, Абай облысының орталығы мен оңтүстігінде, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының шығысы, батысы және орталығында.

02 тамыз 2025 ж. 369 0

10 наурызға валюта бағамы

10 наурыз 2026 ж. 29

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031