Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Су үнемдеуде ұтарымыз көп

Су үнемдеуде ұтарымыз көп

Судың табиғаттағы және адамзат өміріндегі рөлін айтпаса да белгілі. Қазақ «Су – тіршілік көзі» деп бір ауыз сөзбен түйіндеп, «От пен су – тілсіз жау» деп сақтандырғаны да рас. Бүгінгі айналамызда болып жатқан оқиғалар осыны айқындап отыр.
Аптап ыстығы апшыны қуыратын жаз мезгілі жетсе, жұрттың ағын судан айтарлықтай тарығатыны белгілі. Осы мезгілдерде диқаншы қауымның да, сала мамандарының да суды үнемдеуде тынымсыз тіршілік ететіні бар. Биыл Қазалы ауданы бойынша 17 445 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылған. Оның ішінде суды ең көп қажет ететін дақыл күріш көлемі – 5636 гектар. Ал ауыл шаруашылығы дақылдарын суаруға жоспарланған су көлемі – 605,12 миллион текше метр. Оның ішінде ауыл шаруашылығы дақылдарын – 335,12 миллион, экологиялық қажеттілікке 270,00 миллион текше метр су лимиті бөлінген.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Жалғас Сүйеубаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте Сырдария өзеніндегі су деңгейінің төмен болуына байланысты вегетациялық кезеңде шаруашылықтарды суармалы сумен қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Жиында Жалғас Оңғарұлы аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысына ауылдық округ әкімдерімен және «Қазсушар» мекемесімен бірлесе отырып, егінді су тапшылығы жағдайында белгіленген кестеге сәйкес кезектестіріп суаруды ұйымдастырып, қолда бар насостардың тұрақты жұмыс жасауын тиісті талаптарға сәйкес жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар жоғарыдан келген суды шаруашылықтар арасында әділ бөлуді үйлестіріп, шаруашылық құрылымдарының арасында тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізуді ескертті.
Алдымен суды үнемдеуге көп көңіл бөлу керек тәрізді. Өз кезегінде суға жауапты мамандар қолдан келген барлық жұмысты атқаруда. Әрине су ресурстарын пайдалануды реттеу¬ге келгенде бір емес, бірнеше маңызды шаруа барын түсінген жөн.
Екінші мәселе елімізде 1-тамыздан бастап жүргізілетін ауыл шаруашылығы санағын кент, қала және ауылдық округ әкімдері аудандық статистика бөлімімен бірлесіп, жоғары деңгейде ұйымдастыру керегін айтты. Сонымен қатар мәжілісте елде ауыл халқының табысын артыруға байланысты қолға алынған «Ауыл аманаты» бағдарламасының аудан көлемінде жүзеге асырылу барысы талқыланды. Осыған байланысты тиісті сала басшылары мен ауыл әкімдеріне жоба бойынша жұмыстарды күшейтіп, жобаны тұрғындар арасында кеңінен насихаттау жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

А.АЙДАРҚЫЗЫ
02 тамыз 2025 ж. 128 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031