Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірлігі бекем киелі мекен

Бірлігі бекем киелі мекен

Қазақ даласында жыл сайын «1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні» тойланады. «Бірлік болмай тірлік болмас» деген асыл сөзді ұстанған қазақстандықтар үшін орны ерекше мереке. Бұл күннен қасиетті Қазалы халқы да қалыс қалған емес. Бірлік күні ауданда ерекше сән-салтанатпен мерекеленді.
– Бүгінгі мереке – қазақтың кең байтақ даласын мекен еткен ұлттар мен ұлыстардың ынтымағын одан әрі нығайтып, арман-тілегін бір арнаға тоғыстыратын күн. Дана халқымыз «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деп бекер айтпаса керек. Расында, татулықсыз, бірлік-берекесіз еткен еңбектің жемісі бекер болмақ. Бүгінгідей мерейлі мерекеде әр отбасыға мол бақыт, ашық аспан, бақ-береке тілеймін! Ішкі татулығымыз берік болып, еліміз өркендей берсін, – деді аудан әкімі.
Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне арналған шара Қазалы қаласында да ұйымдастырылды. Қала орталығының «Ардагерлер алаңында» әртүрлі ұлт өкілдерінің ұлттық тағамдарынан жасалған көрмелер ұйымдастырылып, жиналған халықтың назарына ұсынылды.
Шарада қазақ халқымен қатар елімізді көп жылдар бойы мекен еткен өзге ұлт өкілдерінің де әндері шырқалып, ұлттық билері биленді.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
04 мамыр 2022 ж. 936 0

Алтынның құны тағы көтерілді

12 желтоқсан 2025 ж. 113

Аудан тұрғындарының назарына

11 желтоқсан 2025 ж. 217

Шәкен ауылына су келді

11 желтоқсан 2025 ж. 152

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031