Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа медициналық бекет қолданысқа берілді

Жаңа медициналық бекет қолданысқа берілді

Партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында аудан көлемінде жаңа жобалар жүзеге асырылып, бірқатар нысандар ашылуда. Бүгін Сарыкөл ауылдық округіне қарасты Жұбан елді мекенінде жаңа медициналық бекет өз жұмысын бастады.
Медициналық нысанның ашылуына аудандық партия филиалы төрағасы, аудан әкімі Мұхтар Оразбаев, аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев, аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Талайлы Бөріқұлақов, облыстық мәслихат депутаты Ібайдулла Тілеп және аудандық мәслихат депутаты, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ғазиз Әліш қатысып, жиналған қауымды құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді
Шалғайдағы елді мекен жұртшылығы көптен күткен денсаулық үйі заман талабына сай жабдықталған. Ендігі кезекте жұмыстарына кіріскен ақ халатты жандар көршілес елді мекендердің 200-ге жуық тұрғындарына дәрігерлік көмек көрсететін болады.
Айта кетейік, бұған дейін де сайлауалды бағдарлама аясында Жалпақ елді мекенінде жаңа медициналық бекет пайдалануға берілген болатын. Сонымен қатар, апта басында Қазалы қаласында газ желісі іске қосылып, қолданысқа берілді.
#AMANAT
22 сәуір 2022 ж. 320 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930