Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сайлауалды бағдарлама аясында жаңа медициналық бекет пайдалануға берілді

Сайлауалды бағдарлама аясында жаңа медициналық бекет пайдалануға берілді

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында әзірленген Жол картасындағы негізгі басымдықтардың бірі денсаулық сақтау сапасын күшейту. Аудан бойынша аталмыш Жол картасына Жалпақ және Жұбан елді мекендерінде медициналық бекеттерді ашу сынды негізгі нысандар енгізілген болатын.

Бүгін осы орайда Ақжона ауылдық округіне қарасты Жалпақ елді мекенінде медициналық бекеттің ашылу шарасы өткізілді. Ел игілігіне берілген медициналық пунктің ашылу салтанатына арнайы аудандық партия филиалының төрағасы Мұхтар Оразбаев, аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев, аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап, аудандық мәслихат депутаты Ғазиз Әліш және тиісті сала өкілдері мен жергілікті тұрғындар қатысты.

Өз кезегінде сөз алған партия филиалының төрағасы Мұхтар Оразбаев тұрғындарды құттықтап, ортақ қуанышымен бөлісіп, ақ халатты абзал жандардың ісіне сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, жаңа нысанның ашылуында Ақжона ауылдық округі ардагерлері де сөз алып, ризашылықтарын білдіріп, тұрғындар атынан алғыстарын жеткізді.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат

06 сәуір 2022 ж. 626 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 70

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930