Жол апатынан қаза тапқандар саны бір жылда 13% өскен
Елімізде жол апатынан бір жылда 410 адам көз жұмған, көрсеткіш 13% артқан, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап.
Биыл қаңтар–наурызда Қазақстанда 2,6 мың жол апаты тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,8% аз. 2021 жылғы қаңтар–наурызда 2,62 мың жол-көлік оқиғасы болды, бір жылда минус 4,3%. Елімізде жол апаты көбінесе Алматы қаласында тіркеледі: 664 дерек, өткен жылмен салыстырғанда 0,3% аз. Қазақстанда тіркелетін барлық жол апатының төрттен бір бөлігі қаланың үлесінде. Жол-көлік оқиғасы жиі болатын аудан – Алмалы: 118 дерек. Екінші орында Алматы облысы тұр: 451 дерек, бір жылда минус 11,9%. Үшінші орында Жамбыл облысы: 265 дерек, бір жылда плюс 25,6%. Жол апаты ең аз тіркелетін өңір – Солтүстік Қазақстан облысы: өткен жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша облыста барлығы 35 дерек тіркелді. Қазақстанда жол апаты санының қысқаруына қарамастан оқыс оқиғадан зардап шеккендер саны былтырғы деңгейде: 4 мыңға жуық адам. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жараланғандар саны бір жылда 1,3%, 3,6 мың адамға дейін азайған, оның ішінде 1,7 мың адам ауруханаға жатқызылды. Жараланғандардың 1,9 мыңы – ерлер, 1,7 мыңы – әйелдер, 638 мыңы – балалар. Қаза тапқандар саны бір жылда 12,9% өскен: 410 адам (304 ер, 106 әйел, 30 бала). Өңірлік бөліністе зардап шеккендер 20,5% Алматыда: 812 адам, өткен жылмен салыстырғанда 2,3% артық. Кейін Алматы (781 адам) және Жамбыл (481 адам) облыстары. Бұл 3 аймаққа Қазақстанда зардап шеккендердің 52,3% тиесілі.