Кітап бағасы бір жылда 5% өскен
2021 жылғы шілденің қорытындысы бойынша кітап бағасы жылдық динамикада шамамен 5% көтерілген, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап.
Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша баспа қызметтерінің көлемі 7,7 млрд теңге болды. Бұл өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 14,1% артық. Саладағы нақты өсім – 9,8%. 2020 жылы осы кезеңде баспалар 6,8 млрд теңгеге қызмет көрсеткен, бір жылда минус 16,1%. Сектордағы көрсетілетін қызметтердің жалпы көлемінің үштен бірі Нұр-Сұлтанға тиесілі: 2,9 млрд теңге, өткен жылмен салыстырғанда құндық мәнде 35,6% артық. Үздік үштікке Алматы (1,8 млрд теңге, бір жылда минус 15,6%), Атырау облысы (441,2 млн теңге, бір жылда плюс 18,4%) енді. Батыс Қазақстан облысы салада қызметтің ең аз көлемін ұсынған: барлығы 35,2 млн теңге, бір жылда минус 66,7%. Ең үлкен жылдық өсім Қызылорда облысында тіркелді: 265,9 млн теңге, өсім 2,9 есе. Сектордағы қызметтердің басым бөлігі газет шығару саласында көрсетілді: 3,3 млрд теңге, бір жылда плюс 1,8%. Журналдар мен мерзімді басылымдарды шығару қызметі 966,2 млн теңге болды, өткен жылмен салыстырғанда 6,1% аз. Үшінші орында кітап шығару қызметі. Мұнда 528,5 млн теңгеге қызмет көрсетілген, бір жылда плюс 40%. 2021 жылғы шілденің қорытындысы бойынша кітап бағасы жылдық динамикада 4,7% өскен. Түркістан облысында кітап бағасы бір жылда 15,7% көтерілген. Сондай-ақ кітап Ақмола (бір жылда плюс 14,6%) және Алматы ( бір жылда плюс 9,7%) облыстарында қымбаттаған, ал Жамбыл және Маңғыстау облыстарында кітап бағасы өткен жылмен салыстырғанда тұрақты.