Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Табиғат тамашасын сыйлайды

Табиғат тамашасын сыйлайды

Жер тоңы жібіп, алғашқы көк дүркіреп шыға бастаған кезде шыбық қадап, тал отырғызу – сауапты іс. Өйткені жерге шаншылған әрбір тал күтімі жақсы болса, жапырағы дараққа айналып, жазда сая, қыста қамсау болады. Әрі экологиялық ахуалды жақсартып, қоңыржай климат қалыптастыруға әсерін тигізеді.
«Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген сөздің астарына жете білген Әйтеке би кенті әкімі Қайрақбай Орынбасаров: «Сәтін салса вокзал маңындағы Әйтеке би ескерткіші орналасқан бақты орманға айналдырамыз» дейді. Ол үшін биыл онда 300 түп ағаш отырғызылған екен. Ал оларды суарудың да тиімді жолын қарастырып қойған жауаптылар бақтың төрт бұрышына жерден 8-9 метрден су шығаратын қондырғы орнатқан.
– Өздеріңіз көргендей, бақ жылдан жылға азып бара жатыр. Жуырда онда кенттің ерікті жастары ағаш отырғызды. Одан бөлек әртүрлі гүл егілді. Бұрынғы мен бүгінгі талдарды күтімге алу әрдайым қадағаланады. Айтып өткендей, биыл қондырылған қондырғы арқылы вокзал маңын суарып отырмыз, – дейді Қайрақбай Жақсыбайұлы.
Суарудың тиімді жолын таба білген жауаптылар құрылғыны әуелден ойластырған. Өйткені өзге жердегі ағаштарға су құю бұрын оңай болмады. Ал бұл жолы барлығы басқаша болады. Жаңа қондырғы 10 метрге жуық қашықтықта жатқан суды жер бетіне шығарды. Сол арқылы бақтың барлық жеріне су жетеді.
Табиғаттағы тепе-теңдікті сақтап тұратын осы отырғызылған ағаштар. Ыстықты, аязды басып, ылғалдылықты сақтап, жаңбырдың уақытында және табиғи тәртіппен жаууын реттейді. Топырақтың құнарлығын сақтап, дауылдың екпінін азайтады. Қысқасы, адам өмірге келгеннен кеткенге дейін игілікке жарайды. Сондықтан бабалар ағаш отырғызуды ұрпаққа мұра қалдырғанмен пара-пар санаған. Ендеше ауданның әрбір тұрғынына Әйтеке би кенті әкімі айтқандай, аталған бақтың орманға айналғанын көретін күнді бұйыртсын.

Нұр БАҚЫТ
23 сәуір 2022 ж. 587 0

Үш қалада ауа ластанады

23 желтоқсан 2024 ж. 17

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031