Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тазалық айналасындағы тіршілік

Тазалық айналасындағы тіршілік

Білген артықтық етпейді. Ең алғашқы сенбілік 1919 жылы 12 сәуірде коммунистердің бастамасынан пайда болды. Бұл сол тұстағы мекеме қызметкерлерінің өз еркімен, ақысыз түрді өткізетін коммунистік шараның ойлысы болды дегенге келісуге болады. Осылайша Кеңес үкіметі құрамындағы бүкіл елдің мезгілді мәселесіне, тұрақты шарасына айналды. Қазалы ауданында да сәуір басталса едәуір тазалық жұмыстары белең алатынына көз үйренді. Бірақ биыл сенбілік тек сенбі күні ғана ұйымдастырылмайтынын түсіндік.
Күз бен қыс айында жауын-шашын астында біраз қоқыс қалатыны рас. Ал күн жылып, жер құрғағаннан кейін түрлі-түсті пакеттер көкке ұшып, шаң-топырақ тынысты тарылтатыны бар. Экологиялық аймақ тұрғындары мұндай қалыпты құбылысқа баяғыда-ақ үйреніп алған. Дегенмен қалай болғанда да, шаңды басып, шөпті өртеп, жел айдаған қоқысты жөнге салуға әкімдік бастаған ауданның жұмысшы күші шындап кіріскенін көрдік. Арасында «Ата заңда...» деп көпшіл іске көңілі бұра бермейтіндері болмаса, аптаның бес күні бала оқытудан қолы босамайтын ұстаздан бастап, дәрігер, полицей, теміржол қызметкерлеріне дейін белгілеп берген аумақтан табыла білді. М.Оразбаевтың: «Басшылары аумақ басында жүріп, бас-көз болсын!», – деген пәрменінен кейін олар да қымбат кәстүмді шешіп, қолға күрек ұстады. Әсіресе ауылдық округтегі клуб, кітапхана, әкімдік пен амбулатория қызметкерлінің жеңді түре кіріскен жұмысы – таза еңбек. Төрт бүйірден соққан жел жаңа сыпырылған аумақты табиғат ырқына салып береді емес пе?!
Жақында тағайындалған өңір басшысы Нұрлыбек Нәлібаевты жұрт қала әкімі қызметінде жүрген кезінен тазалыққа жаны құмар әкім ретінде жақсы таниды. Оның тұсында облыс орталығында орналасқан мекемелердің ауласы айнадай, көшесі көріктенгенін жиі барып тұратын біз білеміз. Әкім құзіреті облысқа ауысқаннан кейін тазалыққа деген көзқарасының энерциясы ауданнан ауылдарға дейін жетті десек қателеспейміз. Әрине айналаның ажары кіріп, қолқаға қоқыстың иісі келмегенін қалайтын кез келген қазалылық мұндай басшының бастамасын қолдайды, ауылға жиі келгенін жақсы көріп тұрады.
Өңір басшысы келді. Қазалы қаласына газ берді. Бәрінен бұрын Қазалы ауданы күл-қоқыстан біршама тазаланып, кент көшелері әрленіп қалды. Енді бөлім басшылары дүйсенбіден сенбіге дейін көше тазалаумен жүріп, кабинетінде қатталып қалған хаттарға уақытынан кешіктірмей жауап беруге асығатыны сөзсіз. Бұл тұста әр сұраққа жауап дайындайтын әкімдік қызметкерлері де жұмысын уақытылы дайындамағаны үшін сөгіс естіп қалуы ғажап емес. Әрі-беріден кейін жеке шаруасымен әкімдікке келіп, алдынан бұйым-тайын сұрап шығатын маман кездестіре алмай уақыт өлтіріп қайтқан тұрғындардың шағымы да аудандағы «ақ үй» жақтан желдей есіп тұр. Жауапты істің жүгенін ұстаған жігіттер ендігіде сенбіліктің сылтауымен негізгі тірлікті ұмытып кетпесе деген тілек бар. Бірақ бағынышты мамандар өздеріне «біреуің іште қалып, келушілерге тиісті қызметті көрсете беріңдер» деп тапсырма бере алмайтынын да түсініп отырмыз.
Тазалық дегенде, көше жиегіне түнделетіп қоқыс тастайтын қаракөздер көзге елестейді. Ол дорбаны таң атқанша «Тузиктер» талап, шашып тастайтыны бар. Ал тұрғындар мұны қоқыс жәшігінің жетіспеушілігінен, тіпті, кейбір орталық көшелерде орнатылмағанымен байланыстырады. Өздерін солай ақтайды. Одан арғысы жалпыұлттық тазалық акциясынан басталып сенбілікті сынайтындар жазбасына ұласады. Тазалықтың айналысындағы бір кем тіршілік...

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
23 сәуір 2022 ж. 420 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031