Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Тәртіп пен тазалық әркімнің өзінен басталуы тиіс"

"Тәртіп пен тазалық әркімнің өзінен басталуы тиіс"

Бүгін аудан орталығындағы Жанқожа батыр кесенесіне тағы да сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Сенбілік жұмыстары батыр баба рухына құран бағыштаумен басталды.
Берекелі бастамаға мекеме қызметкерлерімен қатар, аудан әкімі Мұхтар Оразбаев белсенді қатысып, тазалық жұмыстарымен айналысты.
Сенбілік жұмыстарына ауданда тұратын Жанқожа батырдың ұрпақтары да ат салысып, төңіректің таза болуына қолғабыс етті.
Сенбілік кезінде Мұхтар Оразбаев тазалық мәселесіне қатысты өзінің ой-пікірлерімен бөлісті.
– Туған жеріміз бен киелі орындардың тазалығына бәріміз бірдей атсалысуымыз керек десек, әрине, ол бір мезгілдік акциямен бітпейді. Бұл – жылдың қай мезгіліне қарамастан жүйелі, үзіліссіз атқарылатын шаруа. Ауданымыздың тазалығына қатысты тұрғындардан арыз-шағым жиі түседі. Соның ішінде әлеуметтік желіде шағым көп. Әрине, тазалық сақтау тек биліктің ғана емес, аудан тұрғындарының бәріне бірдей ортақ мәселе. Ол үшін туған жердің көркін абаттандыруды қазалылықтар ортақ іс деп қабылдайтындай болу керек. Біздегі кенттегі көрініс – таң атқанда көшенің әр жерінен қоқыс үйіліп қалады. Алайда оны сырттан ешкім алып келмейді ғой? Бұл – өзіміз тастаған қоқыс. Кент таза болсын десек, тәртіп пен тазалық сақтауды әр адам өзінің үйінен, өз көшесінен бастауы тиіс. Үлкендер үлгі көрсетсе, балалар да еңбексүйгіштікке, тәртіп пен тазалық сақтауға дағдыланады, – деді Мұхтар Әуесұлы.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
22 тамыз 2021 ж. 646 0

Мектептегі мұражай

30 сәуір 2024 ж. 165

Туған өңір - тұнған өнер

29 сәуір 2024 ж. 110

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031