Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Төрт партия тіркеліп жатыр

Төрт партия тіркеліп жатыр

Қазақстанда жаңадан төрт партия тіркеуден өтуі мүмкін. Бұл туралы Әділет министрі Қанат Мусин орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті.
Естеріңізде болса, халыққа арнаған Жолдауында Презилдент Қасым-Жомарт Тоқаев: - Партияларды тіркеу ресімі едәуір жеңілдейді. Тіркеу шегін 4 есеге – 20 мыңнан 5 мың адамға азайтқан жөн. Өңірлердегі өкілдер саны 600-ден 200 адамға төмендетіледі. Партия құру үшін азаматтардың бастамашыл тобының ең төменгі саны үштен бірге, яғни 1000-нан 700 адамға азаяды. Сондай-ақ, құрылтай съезін өткізуге және филиалдарды құруға берілетін уақыт көбейеді. Бұл мәселелерді либералдандыру еліміздегі саяси кеңістікті дамыту үдерісін едәуір жандандырады. Өз сайлаушыларының қордаланған проблемаларын сауатты жеткізіп, тиімді шешуге қабілетті жаңа партиялар пайда болады,-деген болатын. Мемлекет басшысының бастамасынан кейін расында да Қазақстанның саяси аренасында жаңа партиялар құрыла бастады. Қанат Мусиннің айтуынша, қазір төрт партияның құжаттары рәсімдеуден өтуде. Олар «Ел тірегі», «Намыс», «Байтақ» және «Халық Дербестігі» партиялары. Мұның алғашқы үшеуі тіркеудің бірінші сатысында, ал «Халық Дербестігі» екінші сатыға өткен. «Ел тірегі» бұрынғы мәжілісмен, ойда жоқта бірден оппозицияның шапанын киіп шыға келген Нұржан Әлтаевке тиесілі. Ал «Намыс» партиясы белгілі саясаткер әрі кәсіпкер Санжар Боқаевтың құрып жатқан партиясы. Осындай партия құрғалы жатқанын ол биыл ақпан айында мәлім еткен болатын. «Байтақ» экологтардың партиясы. Партияның басы-қасында елге белгілі азаматтар Олжас Сүлейменов, Ирак Елекеев, Тоқтар Әубәкіров, Азаматхан Әміртайдың жүргені биыл науразда белгілі болған. Ал «Халық Дербестігі» партиясының артында кімдердің тұрғаны туралы ақпарат жоқ. 2022 жылғы наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда алты саяси партия тіркелген. Олар: AMANAT (бұрынғы «Нұр Отан»); ADAL (16 наурызда ADAL партиясының AMANAT-қа қосылғаны жарияланды), «Ауыл» халықтық демократиялық партиясы; «Ақ жол» демократиялық партиясы; Қазақстан халық партиясы; Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы.

21 сәуір 2022 ж. 889 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 83

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930