Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 4 партия тіркеу процесінен өтіп жатыр

Қазақстанда 4 партия тіркеу процесінен өтіп жатыр

2019 жылдан бастап 10 бастамашыл топ саяси партияны тіркеуге құжаттар тапсырған. Олардың үшеуі бірінші кезеңнен өтті. Бұл туралы "Екінші республика. ҚР Президентінің өкілеттілігі қалай өзгереді" брифингі барысында Әділет министрі Қанат Мусин мәлім етті.Министр бүгінгі таңда төрт партияның құжаттары қаралып жатқанын жеткізді.
– "Халық дербестігі" партиясы екінші кезеңнен өтіп, растау хабарламасын алды. Олар съезін өткізді. Заң бойынша, құрылтай съезінен кейін 20 000 кандидаттың тізімі ұсынылуы керек. Тіркеу мерзімі заң бойынша тоқтатылды. Партия мүшелерінің заңға сәйкестігі тексерілуде. Үш партия бойынша – жұмыс бірінші кезең деңгейінде жүріп жатыр, яғни партия құру ниеті туралы хабарланғаннан кейін заңға сәйкес бастамашыл топ мүшелері арасында тексеру жүргізілді, олардың саны кемінде 1000 адам болуы тиіс. Олардың арасында ЖСН-ның дұрыс еместігі, тегі, аты, әкесінің аты сәйкес келмеген жағдайлар анықталды. Арасында қайтыс болған азаматтар, сондай-ақ басқа партиялардың мүшелері бар екені белгіленді. Заң бойынша, Қазақстан азаматы бір ғана саяси партияның мүшесі бола алады, тиісінше, басқа партияны құруға қатыса алмайды, – деді министр.

Бірінші кезеңнен өтіп жатқан ұйымдардың сапында "Ел тірегі", "Намыс", "Бәйтерек" партияларын құру бойынша бастамашылар бар.
Министр атаған тіркелмеген 4 партияның ішінде тек екеуінің басшысы туралы ақпарат белгілі. Тіркелмеген "Ел тірегі" партиясына экс-нұротандық экс-депутат Нұржан Әлтаев, Намыс тіркелмеген партиясына саясаттанушы Санжар Боқаев жетекшілік етеді.
Ал "Халық дербестігі" және "Бәйтерек" партиялары туралы баспасөз беттерінде ақпарат жоқ.
18 сәуір 2022 ж. 389 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 120

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 123

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930