Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа қоғамдық қабылдау бөлмесі өз жұмысын бастады

Жаңа қоғамдық қабылдау бөлмесі өз жұмысын бастады

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев партияның кезектен тыс ХХІІ Съезінде партия жұмысын жетілдіру мақсатында бірқатар тапсырмалар жүктеген болатын. Соның ішінде қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысын күшейтіп, халықпен тиімді кері байланыс орнату жайы сөз болды.

Осы орайда бүгін "Қазалы ВЧД-6 жол бойы" бастауыш партия ұйымында аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылып, алғашқы қабылдау өткізіліп, өз жұмысын бастады.

Азаматтарды қабылдауға партияның аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев және "Қазалы ВЧД-6 жол бойы" БПҰ төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Арғын Орымбаев қатысты.

Қабылдауда болған кент тұрғыны С.Сарбалаев: «Әйтеке би кентіндегі «Қожаназар ишан» мешіті орналасқан көшеге асфальт төсеуді қолға алсаңыздар.


Қасиетті ораза кезінде мешітке келетін адам қарасы көп болады. Осы мәселенің шешілуіне ықпал жасасаңыздар»,-деп өз өтінішін қалдырды. Сондай-ақ, қабылдау барысында жұмыспен қамту, Қазалы қаласындағы көше жолдарына жөндеу жүргізу сынды бірқатар мәселелер қозғалды. Аталған өтініштер мен ұсыныстар бойынша алдағы уақытта тиісті жиындарда қозғалып, қажетті жұмыстар жүргізілетіндігі жеткізілді.

#AMANAT
#AMANATQAZALY
01 сәуір 2022 ж. 413 0

Азат елдің тұғыры

30 тамыз 2025 ж. 152

Ата Заң – тұғырлы тірек

30 тамыз 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031