Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Балалар сүйікті кітабын баяндады

Балалар сүйікті кітабын баяндады

Аудандық орталықтандырылған кітапханада 2 сәуір – Халықаралық балалар күніне орай «Менің сүйікті кітабым» атты байқау өтті. Балалар жылы аясында өткен шараға тек кітапхана қызметкерлерінің балғындары қатысты. Алғаш рет ұйымдастырылған байқау үш кезеңнен тұрды.
Жеткіншектерді кітапты құрметтеуге, ұқыпты ұстауға, көп оқып-білуге, ойлау қабілетін дамытуға, сөйлеу шеберлігін арттыруға баулу мақсатында өткен байқау бәйгеге қосылған баласы үшін тақымын қысып отырған әрбір ата-ананың көңілінен шықты. Сайыстың алғашқы кезеңінде қатысушылар өзі оқыған кез келген әдеби шығармадан үзінді айтып, түйген ойын ортаға салды. Келесі кезекте мақал-мәтелдің жалғасын тауып, зеректіктерін сынға салды. Соңғы кезең тіптен ерекше өтті. Он үш талапкер бірінен кейін бірі өнерлерін ортаға салғанда деңгейлері бір-бірінен асып түсіп, көрермен қауымның қошеметіне бөленді.
– Балалар жылы аясында жыл бойы жоспарға сәйкес түрлі шаралар ұйымдастаруды қолға алдық. Бүгінгі бастама алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады. Ендігі кезекте мұғалімдердің, дәрігерлердің, мемлекеттік қызметкерлердің және тағы басқа салаларда еңбек етіп жүрген жандардың балаларының арасында өткізсек деген ойымыз бар. Бүгінгі байқаудың өз деңгейінде өтуіне үлес қосқан жеткіншектерге ризамын. Бәрі де кітапханамыздың тұрақты оқырмандыры. Жиі келіп, әдеби кітаптар мен әлем әдебиетімен танысады, – дейді балалар кітапханасының меңгерушісі Айнагүл Айтжанова.
Нәтижесінде 5-6 сынып оқушылары арасында Қазалы қаласындағы М.Горький атындағы №16 мектеп-лицейдің 6-сынып оқушысы Бақдәулет Қонысбай бірінші орын иеленді. Жанқожа батыр атындағы №70 мектептің шәкірті Баһадүр Амантай екінші, Қ.Сәтбаев атындағы №216 мектептен қатысқан Айфара Әділхан үшінші орынға қол жеткізді. №266 мектеп-лицейдің 6 сынып оқушысы Мұрат Муса «Алғыс» хат алды.
2 және 4 сынып оқушылары арасынан бірінші орынды Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейдің 4 сынып оқушысы Расул Марат жеңіп алды. Екінші орын №266 мектеп-лицейден қатысқан Нұрайым Өтеген және үшінші орын №266 мектеп-лицейдің шәкірті Нұрислам Әнәфия мен №16 мектеп-лицейден келген Айару Қарасаеваға бұйырды. Дулат Бұрханадин «Өнерлі бала», Еркежан Нұрмағамбет «Ең сүйкімді», Сабина Есқара «Зерек бала» номинацияларына ие болды.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
05 сәуір 2022 ж. 416 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031