Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент жолдауындағы қандай бағыттар бірінші орындалады

Президент жолдауындағы қандай бағыттар бірінші орындалады

Нұр-Сұлтанда Үкімет басшысы Асқар Маминнің қатысуымен президент жолдауының орындалу жұмыстары талқылануда.

«Жолдаудағы барлық бағыттар бойынша жалпыұлттық іс-шаралар жоспары дайындалады. Мемлекет басшысының Жолдауының іске асырылуы толығымен қаржылай қамтамасыз етілуі қажет. Барлық мемлекеттік органдарға жалпыұлттық іс-шаралар жоспары бойынша ұсыныстарды Ұлттық экономика министрлігіне 5 қыркүйекке дейін өткізуді тапсырамын. Ал ҰЭМ тиісті қаулы жобасын 7 қыркүйекте Үкіметке енгізу керек», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Премьер-министр өз сөзінде жолдауды орындауға бірінші басшылар жауапты екенін айтты. Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы аясында қандай жұмыстарға маңыз берілетінін мәлімдеді.

«Халықтың баспасөзге қолжетімділігін арттыру үшін қолданыстағы нормативтік-құқықтық құжаттарға өзгерістер енгізіледі. Азаматтық қоғамның 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы дайындалады. Қоғамдық ұйымдарды арттыру үшін олардың нормативтік-құқықтық актілеріне өзгерістер енеді. Өздеріңіз білетіндей, келесі жылы әл-Фарабидің 1150 жылдығын, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын, еліміз егемендік алуының 30 жылдығын, Алтын Орданың 750 жылдығын атап өтеді. Соған байланысты тиісті іс-шаралар қабылданады», - деді Бердібек Сапарбаев Үкімет отырысында.

Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, оқу бағдарламаларына қазіргі заман талабына сай керекті мамандықтар бойынша өзгерістер енгізіледі.

«Келесі мәселе – ауыл мен қала мектептеріндегі білім сапасының айырмашылығын азайту. Соған байланысты әсіресе кішігірім мектептердің жағдайын жақсарту, мектептердегі мұғалімдердің жағдайын жақсарту, балаларға тиісті жағдай жасау жұмыстары қолға алынып, қосымша «Дипломмен ауылға» бағдарламасына өзгерістер енеді», - деді ол.

Үкімет басшысы  орынбасары экономикаға керек емес мамандарды азайту туралы тапсырма берілгенін айтты.

«ЖОО-ларға талдау жасалып, Қаржыландыру саласында да өзгерістер болады. Негізгі қаржыландырулар облыстық деңгейге өткізіледі. Сондай-ақ, балаларды, отбасы институтын қорғау жөнінде 2030 жылға дейінгі тұжырымдама дайындалады. Балалардың арасындағы қылмыс, өз-өзіне қол жұмсау мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен тығыз жұмыс жүргізіледі», - деді ол.

Бердібек Сапарбаев мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысын көбейтуге көңіл бөлінетінін хабарлады.


    
03 қыркүйек 2019 ж. 984 0

Ерлікке тағзым

21 қаңтар 2025 ж. 32

Себет доп бәсекесі

21 қаңтар 2025 ж. 66

Ұшпа доптың ұшқырлары

21 қаңтар 2025 ж. 107

Болмыстағы баскетбол

21 қаңтар 2025 ж. 59

EXPORT-тағы бәсіміз қалай?

21 қаңтар 2025 ж. 59

Әр ісі үлгі көп жасқа

21 қаңтар 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031